Актуалды
Қызылорда бойынша "Өрлеу"
Posted 5 часа ago

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Біліктілік талаптары: тиісті саладағы техникалық немесе кәсіптік, немесе орта арнаулы білімі, кернеуі 1000 Вольтке (В) дейінгі электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін электр қауіпсіздігі бойынша IV кем емес рұқсат тобы. Мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі

Білуге тиіс:  

Электр қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша нормативтік құжаттар; тұрмыстық, кеңселік және өндірістік электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін; бекітілген электр қондырғылары мен жабдықтарының құрылымын, жұмыс істеу принципін және техникалық сипаттамаларын; кернеуі 1000 В дейін және одан жоғары электр қондырғыларын пайдалану ережесі; кернеу толығымен жойылған кезде қорғаныс құрылғыларын алу және орнату талаптары; электрмен жабдықтаудың негізгі схемалары және электр энергиясын есепке алу жүйелері; электр қорғаныс құралдарын пайдалану ережесін; персоналды электр қондырғыларында жұмыс істеуге жіберу тәртібі; зардап шегушіні электр тогының әсерінен босату және алғашқы медициналық көмек көрсету ережесін;

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш

2. Кадрларды есепке алудың жеке парағы;

3. 3*4 фотосурет (2 дана);

4. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

5.Қажетті кәсіби білімін, еңбек өтілін және біліктілік тәжірибесін растайтын құжаттар;

6. Медициналық анықтама (Ф075);

7. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

8. Туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан справка;

9. Наркологиялық ұйымнан справка;

10. Әскери тіркеуді растайтын құжат (болған жағдайда)

11.Сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы жоқ екендігі жөнінде анықтама.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 06.01.2026 ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 2 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: kyzylordaipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: +7(7242) 55-10-02.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2026 жылдың 7 қаңтары, Қазақстан Республикасы,  Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесі, 2 мекен-жайы бойынша.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job