Актуалды
“Өрлеу” по Костанайской области
Posted 3 дня ago

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің электрик лауазымына бос лауазымына конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша техникалық немесе кәсіптік, не орта арнаулы білім; 1000 Вольтқа (В) дейінгі кернеудегі электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін электр қауіпсіздігі бойынша кемінде IV рұқсат тобы болуы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 1 (бір) жыл.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын және еңбек заңнамасының негіздерін; электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды, бұйрықтар мен нұсқаулықтарды; еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын; тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын (ТПҚ); тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын (ҚТҚ); электр қондырғыларын орнату қағидаларын (ЭҚОҚ) – IV рұқсат тобы көлемінде; 1000 В-қа дейінгі кернеудегі электр қондырғылары мен жабдықтарының құрылымын, жұмыс принципін және техникалық сипаттамаларын; электрмен жабдықтау, басқару, жарықтандыру және электр энергиясын есепке алу жүйелерінің негізгі сызбаларын; 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында жұмыстарға рұқсат беру және оларды ұйымдастыру тәртібін; электрқорғау құралдарын қолдану қағидаларын; кернеу толық ажыратылған кезде қорғаныш құрылғыларын алу және орнату талаптарын; электротехникалық жабдықты монтаждау, баптау, реттеу және жөндеу әдістерін; зардап шегушіні электр тогының әсерінен босату және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін; ішкі еңбек тәртібі және санитарлық жағдайды.

Негізгі міндеттері:

            Электрик міндетті:

1) электр қондырғылары мен электр жабдықтарының жарамды күйін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды техникалық пайдалану және электр қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес пайдалануға;

2) электр қондырғыларын пайдалануды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, оның ішінде электр жабдықтарын қызмет көрсету, тексеру, қосу, ауыстырып-қосу және ажырату жұмыстарын орындауға;

3) электр қондырғыларына, электр жабдықтарына, байланыс және өрт дабылы жүйелеріне жоспарлы-алдын алу жөндеуін, техникалық қызмет көрсетуді, жаңғыртуды және қайта құруды қамтамасыз етуге;

4) электр жабдықтарының, қорғаныш құрылғыларының, қорғаныш ажырату құрылғыларының (ҚАҚ/УЗО), қорғаныш жерге қосу тізбектерінің техникалық жай-күйін бақылауға;

5) белгiленген тәртiппен электр жабдықтарына тексерулер мен қарап-тексерулер жүргiзуге, бақылау-өлшеу құралдарымен жұмыс жасауға;

6) өз біліктілігі шегінде электр қондырғыларында, электр сымдарында, автоматика, есепке алу және тіркеу құралдарында монтаждау, жөндеу, реттеу және іске қосу-жөндеу жұмыстарын орындауға;

7) электр қондырғыларын пайдалануға байланысты құрылыс-монтаж, жөндеу және іске қосу-жөндеу жұмыстарына қатысуға;

8) белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтай отырып электр қондырғыларында жұмыстарды орындауға, оның ішінде кернеуді толық ажырату және жерге қосуды орнатуға;

9) жөндеу-баптау персоналының электр қондырғыларында жұмыс істеуге қолжетімділігін анықтайды;

10) жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдануға және олардың жарамды күйін бақылауға;

11) авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмыстарды дереу тоқтатып, тікелей басшысына хабарлауға;

12) электр қондырғыларында анықталған ақаулар туралы, оның ішінде ұшқындау, оқшаулаудың зақымдануы, қоршалмаған ток өткізгіш бөліктердің пайда болуы және өзге де қауіпті кемшіліктер туралы басшылыққа уақтылы хабарлауға;

13) электр қондырғылары жанған кезде өрт қауіпсіздігі және электр қауіпсіздігі талаптарына сәйкес әрекет етуге, көзделген өрт сөндіргіштердің түрлерін қолдануға;

14) электр қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер және Қоғам құжаттарының талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;

15) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауға және персоналдың электр қауіпсіздігі талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге;

16) электр қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар жүргізуге, персоналды қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқытуға.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей төмендегі құжаттарды көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жолдайды:

– жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім;

– конкурс комиссиясының Төрағасының атына өтініш;

– фотосуреті бар өзекті, толық әрі шынайы түйіндеме (резюме) (жеке деректер, еңбек өтілі, білімі, жобаларға қатысуы, жетістіктері, тіл білуі, қызығушылықтары және т.б.);

– қажетті кәсіби білімді, жұмыс тәжірибесін және біліктілікті растайтын құжаттар, еңбек кітапшасының көшірмесі немесе конкурс шарттарына сәйкес еңбек қызметін растайтын өзге де құжаттар, біліктілік санаттарына қатысты қосымша ақпарат, қажет болған жағдайда – алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хаттар.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ:

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 13.01.2026 ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская  көшесі, 86  мекен-жайы бойынша қабылданады; анықтама үшін телефоны: 8(7142) 54-16-17, электрондық пошта: ipk_kostanay@mail.ru

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны: 2026 жылғы 14 қаңтарда, Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская  көшесі, 86.

Конкурстың өткізілу уақыты туралы ақпарат конкурсқа қатысушыларға қосымша телефон арқылы хабарланады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық көлемде ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job