«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасының ғимаратқа қызмет көрсететін жұмысшы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Архив
Қостанай облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 12 месяца ago
Біліктілік талаптары: орта кәсіптік немесе жалпы орта білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды
Білуі тиіс:
ғимараттар мен құрылыстарды күтіп ұстаудың санитарлық-гигиеналық және санитарлық-техникалық нормалары; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен пайдалану қағидалары; жөндеу-құрылыс жұмыстарының негіздері және оларды орындау тәсілдері; материалдардың түрлері; жұмыстарды жүргізу кезінде аспаптардың, тетіктердің және жабдықтардың мақсаты мен құрылысы; техникалық жұмыстарды орындау кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидалары; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.
Негізгі міндеттері:
1) еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
2) атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде тікелей басшысының тапсырмаларын орындау;
3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
4) жұмыскерлердің өтінімдері бойынша ұсақ жөндеу жұмыстарын орындауға міндетті;
5) ғимараттағы және филиал аумағындағы ақауларды жоюға;
6) жиһаздың, еденнің, линолеумның, жалюзидің, терезелердің, шатырдың жай-күйін қадағалауға; қажет болған жағдайда оларды жөндеуді жүзеге асыруға;
7) түсіру және тиеу жұмыстарын, жиһаздың, жабдықтың қозғалысын/тасымалын орындауға;
8) сеніп тапсырылған техникалық құралдың сақталуын қамтамасыз етуге, құралдарға уақтылы жөндеу жүргізуге, жұмыстарды орындау кезінде жабдықты, қауіпсіздік техникасын пайдалану қағидаларын сақтауға;
9) ғимараттарды және оларға іргелес аумақтарды (аумақтарды қардан, жапырақтардан және басқа да қоқыстардан тазартуға байланысты жұмыстар) тиісті санитариялық жағдайда жинау және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды орындауға міндетті;
10) материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құралдарға өтінімдер жасауға қатысуға және оларды үнемді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті;
11) жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға міндетті.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 31.05.2024 ж. дейін Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86 мекен-жайы бойынша, анықтамалар үшін телефоны: 8(7142) 54-30-08, 54-18-83 (факс), ipk_kostanay@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:2024 жылғы 03 маусым, Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Пролетарская көшесі, 86
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық көлемде ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.