Архив
Жамбыл облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 11 месяца ago

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы

Ақпараттық жүйелер және СММ тобына жүйе әкімшісі қызметіне конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының ақпапарттық технологиялар, жүйелер және ақпапарттық қауіпсіздік саласындағы мәселелерді реттейтін өзгеде нормативтік құқықтық актілерін, аппараттық және бағдарламалық құралдардың жұмыс істеу мен құрылымының жалпы қағидаттарын, желілік әкімшілендіруді ұйымдастыру негіздерін, бағдарламалау негіздерін, ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын бағдарламалау және пайдалану әдістерін, серверлік желілік ресурстарды, желі пайдаланушыларында туындаған ақауларды,мәселелерді жою әдістерін, жабдықтың техникалық-пайдалану сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, мақсаты мен жұмыс режимдерін, оны техникалық пайдалану ережелерін, желілерді аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді, аппараттық құралдарды қарапайым жөндеу қағидаттарын, қалыпты бағдарламалау тілдерін, қолданыстағы стандарттарды, сандар, шифрлар және кодтар жүйесін, бағдарламалау әдістерін, ақпаратты кешенді қорғауды ұйымдастыру жүйелерін, ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алу тәсілдерін, техникалық құжаттаманы рәсімдеу тәртібін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін,  ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • Конкурстық комиссиясы Төрағасының атына өтініш;
  • Суреті бар түйіндеме;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
  • Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
  • Сыбайлас жемқорлық және қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі және туралы анықтама.

Құжаттарконкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қабылданады.

Мекен-жайы:  Тараз қ., Төле би даңғылы, 69А

Эл.почта: zhambylipk@orleu-edu.kz

Анықтама үшін:  8(7262)-54-61-81

Apply For This Job