Архив
Қостанай облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 9 месяца ago

Біліктілік талаптары: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі.

Білуі тиіс:

ғимараттар мен құрылыстарды күтіп ұстаудың санитарлық-гигиеналық және санитарлық-техникалық нормалары; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен пайдалану қағидалары; жөндеу-құрылыс жұмыстарының негіздері және оларды орындау тәсілдері; материалдардың түрлері; жұмыстарды жүргізу кезінде аспаптардың, тетіктердің және жабдықтардың мақсаты мен құрылысы; техникалық жұмыстарды орындау кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидалары; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.

Негізгі міндеттері:

  1. еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
  2. атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде тікелей басшысының тапсырмаларын орындау;
  3. міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
  4. орталық жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және суағарлардың қызмет көрсетілетін жүйелерінің жарамды жай-күйін, авариясыз және сенімді жұмысын, оларды дұрыс пайдалануды, уақтылы сапалы жөндеуді қамтамасыз ету; 
  5. қызмет көрсетілетін жүйелердің мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтау, олардың алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау;
  6. жүйелердің жұмысындағы ақауларды жою, оларды жөндеу, монтаждау, реттеу және сынап бақылау, атап айтқанда:
    • орталық жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және суағарлардың санитарлық-техникалық жүйелерінің күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;
    • құбырларды, фитингтерді, фасонды бөлшектерді, арматураны және бекіту құралдарын іріктеу;
    • жіптерді, ерітінділерді және басқа да қосалқы материалдарды дайындау;
    • құбыр бөлшектерін, санитарлық-техникалық аспаптарды және басқа жүктерді тасымалдау;
    • жинақтарды муфталармен және қарсысомынмен, бұрандама-сомынмен жинақтау;
    • құрылымдардағы тесіктерді бұрғылау немесе тесу;
    • құбырлар мен аспаптардың астына бекітпелерді орнату және бітеу; құбырлар мен тіреулердің фасонды бөлшектерін жинақтау;
    • жөндеу орнында шойын радиаторларды топтау және топтастыру;
    • құбырларды, жылыту панельдерін, санитарлық-техникалық кабиналар мен блоктарды қосу;
    • бөлшектер мен аспаптарды монтаждау;
    • бақылау-өлшеу аспаптарын орнату орындарын белгілеу;
    • шойын құбырлардан жасалған құбырлар учаскелерін ауыстыру;
    • құбырларды сынау кезінде ақаулы орындарды орнату.
  7. материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құралдарға өтінім жасауға қатысу және олардың үнемді және ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету;
  8. жөнделген жүйелерді пайдалануға беруге дайындау;
  9. жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
  10. атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген басқа да міндеттерді орындау. 

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 28.08.2024 ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86 мекен-жайы бойынша, анықтамалар үшін телефоны: 8(7142) 54-18-83 (факс), ipk_kostanay@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2024 жылғы 29 тамыз, Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Пролетарская көшесі, 86.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық көлемде ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job