Архив
Қостанай облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 9 месяца ago

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында жұмыс өтілі кемінде үш жыл. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген сертификаттың болуы.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, бухгалтерлік есеп туралы заңнама; азаматтық құқық негіздері; қаржы, салық және шаруашылық заңнамалары; бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметі мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар; бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, оны жүргізу ережелері; кәсіби бухгалтер мен корпоративтік бөлімнің этика кодекстері, ұйымның бейіні, мамандану мен құрылымы, оның даму стратегиясы мен перспективалары; салықтық, статистикалық және басқарушылық есепке алу; бухгалтерлік операцияларды ресімдеу және есепке алу учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру, бухгалтерлік есепке алу шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да ысыраптарды есептен шығару, ақша қаражатын, тауар-материалдық және басқа да құндылықтарды қабылдау, кіріске алу, сақтау және жұмсау, аудиторлық тексерулер жүргізу тәртібі; қаржылық есеп айырысудың нысандары мен тәртібі; заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттары; тауар-материалдық құндылықтардың ақша қаражатына түгендеу жүргізу, дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу, тексерулер мен құжаттық тексерулер жүргізу қағидалары; бухгалтерлік баланстар мен есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері; бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімі саласындағы қазіргі заманғы анықтамалық және ақпараттық жүйелер; ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін талдау әдістері; бухгалтерлік құжаттарды сақтау және ақпаратты қорғау қағидалары; бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың озық отандық және шетелдік тәжірибесі; еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Негізгі міндеттері:

  1. атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Филиалдың бас бухгалтерінің тапсырмаларын орындау;
  2. міндеттерін нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
  3. осы лауазымда Бөлімнің жұмысын үйлестіру;
  4.  Филиалдың бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру бойынша жұмысқа қатысу, бухгалтерлік есепке қою және жүргізу бойынша жұмысты жүргізу;
  5. тоқсандық, жылдық салық есептілігін жасау және салық органдарына тапсыру;
  6. айлық, тоқсандық және жылдық статистикалық есептілікті жасау және тапсыру;
  7. 1С:Кәсіпорында айды ай сайын жабуды жүргізу;
  8. Филиалдың 1С:Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебінің жүргізілуін тексеру және 1С:Кәсіпорынға деректердің дұрыс енгізілмеуі анықталған жағдайда, Бөлім қызметкерлеріне анықталған қателерді түзету бойынша тапсырма беру;
  9. бухгалтерлік, салықтық, статистикалық және басқарушылық есептің талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен есептілік ақпараттық жүйесінің қалыптастырылуын бақылау, ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті бухгалтерлік ақпараттың берілуін қамтамасыз ету;
  10. бухгалтерлік есеп шоттарында Қазынашылық пен екінші деңгейлік банктердің шоттарында жатқан ақша қаражаты қозғалысының уақтылы және дәл көрсетілуін қамтамасыз ету;
  11. бастапқы есепке алу құжаттарын ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау;
  12.  бюджетке салықтар мен алымдарды, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға сақтандыру жарналарын, кредиттік ұйымдарға төлемдерді, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты уақтылы аударуды, соттар бойынша берешектерді өтеуді қамтамасыз ету;
  13.  Филиалдың қаржылық тәртібінің сақталуын, қаражатының жұмсалуын, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектерді және басқа да шығындарды есептен шығару заңдылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу;
  14.  қаражаттың кірістері мен шығыстары туралы, бюджеттің пайдаланылуы туралы жедел жиынтық есептердің жасалуын қамтамасыз ету, есептік ақпараттың объективтілігіне жауапты болу;
  15.  Филиалдың қаржыландыру жоспарын жасауға және қаржыландыруға өтінімдерді дайындауға қатысу;
  16. Филиалдың мүлкін, меншігін пайдалану, сақтау және есептен шығару бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
  17. Қоғамның даму жоспарын орындау бойынша есепті жасауға қатысу;
  18. ақылы курстар бойынша табельдерді, шарттарды тексеру;
  19. ақылы курстар бойынша есеп беру;
  20. жалақыны, мемлекеттік бюджетке төленетін төлемдерді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жарналарын есептеуді және уақтылы аударуды, ұйымдарға берешекті белгіленген мерзімдерде өтеуді, қорларға қаражат аударуды жүргізу;
  21.  бухгалтерлік жазбалардың бастапқы құжаттары негізінде дұрыс бухгалтерлік есептілік жасау, оны белгіленген мерзімде тиісті органдарға ұсыну;
  22.  Филиалдың бухгалтерлік құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, оларды белгіленген тәртіпте рәсімдеу және мұрағатқа тапсыру;
  23.  жалақы қорын дұрыс жұмсау, штаттық және қаржылық тәртіпті қатаң сақтау;
  24.  дебиторлық берешекті белгіленген мерзімде өндіріп алу және кредиторлық берешекті өтеу, төлем тәртібін сақтау;
  25. жетіспеушіліктердің пайда болуы және ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсау, қаржы және шаруашылық заңнамасын бұзу бойынша алдын алу шараларын орындау;
  26. басшыларды, кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды және бухгалтерлік есептіліктің басқа пайдаланушыларын есептің тиісті бағыттары бойынша салыстырмалы және дұрыс бухгалтерлік ақпаратпен қамтамасыз ету;
  27. 1С Бухгалтерия ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды, орындалған жұмыстар актілерін тексеру, сенімхаттар бойынша есеп жазу және жүргізу, аванстық есептер жүргізу, жұмыстар мен қызметтерді орындау бойынша ұсынылған ақпаратты тексеру, жеткізушілермен салыстыру актісін жасау;
  28. бухгалтерлік ақпараттың дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындау;
  29. жеткізушілермен өзара есеп айырысуларға салыстырып тексеру жүргізу;
  30.  іс қағаздарын жүргізу және құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
  31. Бөлімнің бас бухгалтері, бас маманы және жетекші маманы уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.), олардың міндеттерін орындау; 
  32. атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;

– түсті фотосуреті бар түйіндеме;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 28.08.2024 ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: ipk_kostanay@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7142) 54-18-83.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2024 жылғы 29 тамыз, Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job