«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы оқу ісі бөлімінің жетекші маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (негізгі қызметкердің болмауы кезеңіне)
Архив
Қостанай облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 9 месяца ago
Біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес болуы тиіс.
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының қызмет бағытын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілері, ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормалар.
Негізгі міндеттері:
- ;
- Бөлім бастығының тапсырмаларын орындау;
- ;
- өз қызметінің бағыттары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде бұйрықтар, қызметтік хаттар, әдістемелік ұсынымдар жобаларын әзірлеу және тиісті құрылымдық бөлімшелермен келісу, оқу жүктемесін жоспарлау жөніндегі нормативтік құжаттарды және қажетті оқу құжаттамасын әзірлеуге қатысу;
- оқу процесін регламенттейтін нормативтік құжаттардың электрондық қорын құру шеңберінде барлық оқу құжаттамасын автоматтандырылған дайындауды жүзеге асыру, сондай-ақ біліктілікті арттыру жүйесінің жай-күйі туралы деректер банкін қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру (ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, талдау); ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес Қоғамның оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне қатысу;
- білім беру қызметін ұйымдастырудағы жаңа тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу және енгізу кезінде ұсыныстар, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдау;
- Филиалдың оқу ісі мәселелері бойынша деректер жинау, талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалар дайындау;
- Филиалдың оқу ісі нормаларының жоспарлануына және орындалуына бақылау жасау;
- аудиториялық қорды ұтымды пайдалану бойынша ұсынымдар дайындауға қатысу;
- Филиалдың оқу-тақырыптық жоспарларының орындалуына бақылау жасау;
- білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік сатып алу шеңберінде мемлекеттік тапсырманың, қызметтердің орындалуына бақылау жасау;
- тыңдаушылардың жеке деректерінің Бірыңғай дерекқорына енгізілуіне бақылау жасау;
- Филиалдың оқу құжаттамасына жүйелі талдау және бақылау жасау;
- Бөлімнің істер номенклатурасын жүргізу;
- сабақтарға қатысуды бақылау мен талдау жасау;
- іс қағаздарын жүргізуге, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
- Бөлімнің бас маманы уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) оның міндеттерін орындау;
- атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктері мен құзыреттері шеңберіндегі мәселелер бойынша жұмыс топтардың, комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ кеңестерге қатысу;
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
– түсті фотосуреті бар түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
- қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 28.08.2024 ж. дейін Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86 мекен-жайы бойынша, анықтамалар үшін телефоны: 8(7142) 54-18-83, ipk_kostanay@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2024 жылғы 29 тамыз, Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Пролетарская көшесі, 86.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық көлемде ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.