«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Экономика және қарды департаментінің маман-экономисі лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Архив
Центральный аппарат "Өрлеу"
Posted 7 месяца ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: экономика және (немесе) қаржы саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, экономика, бухгалтерлік есеп, қаржы саласындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес немесе экономикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес болса, орта білімнен кейінгі білім.
Білуге тиіс: Қоғамның экономикалық қызметін дамытудың бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; Қоғамда экономикалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік материалдарын; Қоғамның бағытын, құрылымның ерекшеліктерін; Қоғамның өндірістік-шаруашылық және әлеуметтік қызметінің жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін; Қоғамда жоспарлы жұмысты ұйымдастыруды; жұмыста заманауи ақпараттық технологияларды, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қолдану мүмкіндіктерін.
Негізгі міндеттері:
1) еңбек шартында, Қоғамның ішкі актілерінде және осы лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауға;
2) атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Қоғам басшылығының, Департамент директорының тапсырмаларын орындауға;
3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
4) құрылымдық бөлімшенің құзыреті шегінде Қоғамның стратегиялық міндеттерін әзірлеуге және іске асыруды қамтамасыз етуге қатысуға;
5) қаржылық, экономикалық және басқарушылық есептің талаптарына сәйкес қаржылық есеп пен есептіліктің ақпараттық жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүргізуге, ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті қаржылық, экономикалық ақпаратты беруді қамтамасыз етуге;
6) Қоғамның бекітілген Даму жоспарына сәйкес қаржылық тәртіптің сақталуын, шығындар баптарынан қаражаттың жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізуге;
7) барлық қаржыландыру көздері есебінен Қоғам бюджетінің, нысаналы бағдарламалардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге (бақылауға);
8) Қоғам мен филиалдардың кезекті қаржы жылына және жоспарлы кезеңдеріне арналған бюджеттік бағдарламалардың түрлері бойынша есептік желілік көрсеткіштерді әзірлеуге;
9) Қоғамның кезекті қаржы жылы мен жоспарлы кезеңде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қаржы ресурстарын экономикалық жоспарлауды жүзеге асыруға, сондай-ақ қаржы қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеуге;
10) Қоғам филиалдарын қаржыландыру жоспары бойынша қаражаттың жұмсалуын орындау бойынша есеп дайындауға;
11) филиалдар мен орталық аппараттың ақпараты мен есептілігін белгіленген тәртіппен жинауды, өңдеуді, талдауды және беруді жүзеге асыруға, оның дұрыстығын қамтамасыз етуге;
12) Қоғамның штат кестесін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге, штат кестесін әзірлеуге қатысуға және оған Департамент құзыреті шеңберінде өзгерістер енгізуге;
13) тарифтеу тізімдерін жыл сайын тексеруге қатысуға;
14) филиалдарды қаржыландыру жоспарын құруға және жоспарда көзделген баптар бойынша қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізуге.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 28 қазанды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2024 жылғы 29 қазан, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.