Архив
Центральный аппарат "Өрлеу"
Posted 7 месяца ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары заңгерлік білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 4 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының азаматтық, кәсіпкерлік, коммерциялық, әкімшілік, еңбек, қаржы, салық және заңнаманың өзге де салаларын, төрелік, іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығын реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ қаржылық, экономикалық және азаматтық істерді реттейтін нормативтік құқықтық актілер ұйымның әкімшілік қызметі, құқықтық қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және басқа да материалдар, азаматтық, қаржылық, әкімшілік құқық, салық заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнама, шаруашылық келісімдерді, ұжымдық шарттарды, салалық және өңірлік келісімдерді жасау және өңдеу тәртібі, жүйелеу тәртібі, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы есепке алу және жүргізу, құрылтайшылық және ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту тәртібі, ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау тәртібі.

Негізгі міндеттері:

1) Қоғамның ішкі актілеріне (бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер, стандарттар және басқа да құқықтық актілер жобалары), Қоғам дайындаған құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу, сондай-ақ қажет болған жағдайда осы құжаттарды дайындауға қатысу;

2) Қоғам қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындауды қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Басқарма құзыреті шегінде Қоғамның ішкі құжаттарына өзгерістер/толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстардың жобаларын дайындауды қамтамасыз ету;

4) ұсыныстар жобаларын дайындауды және Қоғамның жарғысына өзгерістер/толықтырулар енгізу бойынша жұмыстарды (құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және т.б.) қамтамасыз ету;

5) Қоғамның сенімхаты бойынша соттарда істерді тіркеуді және жүргізуді жүзеге асырады, оларды есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады;

6) талап арыздар жасауға, Қоғамнан сенімхат бойынша соттарға қатысуға, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда Қоғамның мүдделерін білдіруге;

7) анықталған кемшіліктерді жою және Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеу мақсатында талаптарды және сот істерін қарау нәтижелерін талдау және қорытындылау, сондай-ақ шарттарды (келісімшарттарды) жасау және орындау тәжірибесін зерделеу;

8) аяқталмаған және аяқталған сот істерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады;

9) Қоғам қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасы туралы хабардар етуді, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ұйымдастыруды зерделеу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді;

10) ұжымдық шарттың жобасын дайындауды және жасасуды қамтамасыз етуге (қажет болған жағдайда);

11) Қоғамдағы еңбек тәртібін нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

12) Қоғамның филиалдарында заңнаманы дұрыс қолдану саласындағы кешенді тексерулерге қатысуға;

13) Қоғам қызметкерлерін атқарушылық тәртіпті сақтамағаны және заңды бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

14) азаматтық-құқықтық шарттар тізілімін жүргізуді қамтамасыз етеді;

15) Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының тізілімін жүргізуді қамтамасыз етеді.

               Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);

-дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 1 қарашаны қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2024 жылғы 4 қараша, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job