Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 месяца ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

         Ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқытары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын және білім беруді дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, андрагогика, синергетика негіздерін, педагогиканы, психологияны, менеджмент негіздерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, педагогикалық этика нормаларын, компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Негізгі міндеттері:

1) Филиалдың барлық ағымдағы қызметіне басшылық жасайды;

2) өз өкілеттіктері шегінде штаттық кесте негізінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына, қызмет көрсету шарттарына сәйкес Филиал қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасуға, өзгертуге, орындалуын және бұзылуын қамтамасыз етуге міндетті және Филиалдың оқу және шаруашылық қызметіне қатысты басқа да келісімдер жасайды;

3) барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін дамытуға бағыттайды;

4) Филиал қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды, тыңдаушылардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруды бақылау және қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді;

5) білім беру бағдарламаларын құру және іске асыру жөніндегі жұмысқа жетекшілік етеді;

6) инновацияларды енгізу үшін жағдай жасайды, Филиал қызметкерлерінің Филиал жұмысын жақсартуға және білім сапасын арттыруға бағытталған бастамаларын қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

7) оқу-материалдық базаның есепке алынуын, сақталуын және толықтырылуын, санитарлық-гигиеналық режим мен еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын, құжаттаманы есепке алуды және сақтауды, оқу-әдістемелік кешен қызметін жүзеге асыру үшін қосымша қаржылық және материалдық ресурстарды тартуды қамтамасыз етеді;

8) Филиалда атқарылатын оқу-әдістемелік және басқа да жұмыс түрлерінің көлемі мен нысандарын ескере отырып, Филиалдың штат кестесін әзірлеуге қатысады;

9) қызметкерлерді сапалы жұмысқа ынталандыруды, оның ішінде оларды материалдық ынталандыру негізінде арттыру, мамандарды тартуда Филиалдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, басқаруды оңтайландыру және еңбек тәртібін нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

10) қосымша білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен, жұртшылықпен және азаматтармен тиімді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

11) өз құзыреті шегінде бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде Филиалдың қаржы ресурстарын басқаруды жүзеге асырады;

12) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (оның ішінде зейнетақы жарналары), сондай-ақ Филиал қызметкерлерінің еңбекақысын уақтылы төлеуді қамтамасыз етеді;

13) Филиал үй-жайлары мен оқу жабдықтарының сақталуын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

14) Филиал қызметкерлерінің Қоғамның және Филиалдың ішкі нормативтік құжаттарын, еңбек және орындау тәртібін, еңбек және ұжымдық шарттар талаптарын, лауазымдық нұсқаулықтарды сақтауын қамтамасыз етеді;

15) жобаларға, жұмыс топтарына, комиссиялардың жұмысына, сапалы білім беру бағдарламаларын (БЖ) және оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) әзірлеуге, ОӘ сараптамасына, отырыстарға, кеңестерге, әдістемелік семинарларға қатысады.

    Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);

– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру  (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 18 наурызды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2025 жылғы 19 наурызҚазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 28 кабинет.

Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job