«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі бас маманның бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Архив
“Өрлеу” по Костанайской области
Posted 1 месяц ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары білім және есепке алу және бақылау жөніндегі жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және есепке алу және бақылау жөніндегі жұмыс өтілі кемінде екі жыл.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, “Білім туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының заңдарын, ұйымға шаруашылық қызмет көрсетуге қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; қызмет көрсетуші персоналдың еңбегін механикаландыру құралдарын; үй-жайларды пайдалану тәртібін; экономика негіздерін, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру; ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын жасау және келісу; қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі әдістемелік материалдар, тауар-материалдық құндылықтарды сақтау жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттар, тауар-материалдық құндылықтардың түрлері, мөлшері, маркалары, сұрыптылығы және басқа да сапалық сипаттамалары және оларды тұтыну нормалары, тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру, сақтау ережелері мен тәртібі және тауарлық-материалдық құндылықтарды жинақтау, оларды есепке алу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өндірістік санитария мәселелері, жұмыс орнындағы жазатайым оқиғаларға және қызметкерлердің денсаулығының өзге де зақымдануларына тергеп-тексеру жүргізу тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері; ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын жасау және келісу, ұйымды басқару және басқару әдістері, шаруашылық және қаржылық шарттарды жасасу және орындау тәртібі, экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру және басқару, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.
Негізгі міндеттері:
- еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
- техникалық құжаттаманың қажетті деңгейін, ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және оларға өзекті сипат беру;
- сақтандыру полистерінің және Филиал автокөлігін техникалық байқау болуын/әрекет ету мерзімін бақылау;
- Филиал жұмыскерлері мен бөлімшелерінің еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нормаларды, табиғат қорғау, санитариялық органдардың, сондай-ақ техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдардың талаптарын сақтауына бақылау жасау;
- техникалық құжаттаманы (сызбаларды, ерекшеліктерді, техникалық шарттарды, технологиялық карталарды) уақтылы дайындау;
- Филиалдың/Қоғамның ғимараттары мен үй-жайларын, ғимараттарға іргелес аумақтарды күтіп-ұстауға сметалар мен шығыстарды дайындауда көмектесу;
- Филиалдың автомобильдеріне ағымдағы жөндеуді, ЖЖМ қамтамасыз ету бойынша функцияны жүзеге асыру;
- Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің тауарлық-материалдық құндылықтарға, оларды ғимаратта нормативтік орналастыруға арналған алаңдарға деген ағымдағы және перспективалық қажеттілігін зерделеу және анықтау, олармен қамтамасыз ету үшін өтінімдер сұрату, жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау;
- Филиалдың/Қоғамның қызметтік үй-жайларын пайдалануды есепке алу және талдау, оларды ұтымды пайдалану және құрылымдық бөлімшелер арасында қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Филиал бөлімшелерін жиһазбен, шаруашылық мүкәммалмен, ұйымдастыру техникасымен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету, олардың сақталуына және уақтылы жөндеу жүргізілуін бақылау, олардың уақтылы есептен шығарылуын қамтамасыз ету;
- Филиалдың техникалық қызметтерінің жұмысын үйлестіру;
- Филиалда қауіпсіздік техникасын сақтау және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, қажетті нұсқамалар өткізу;
- терроризмге қарсы, өртке қарсы қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
- өртке қарсы құралдардың болуын және жарамдылығын, қоймадағы үй-жайлардың, жабдықтар мен мүкәммалдың жай-күйін қадағалау және олардың уақтылы жөнделуін қамтамасыз ету;
- Филиалдың мүлкін түгендеуге қатысу;
- қоймада тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және жіберу, оларды орналастыру, қойма операцияларының есебін жүргізу, кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты орындау, белгіленген есептілікті дайындау және жүргізу;
- Филиалдың/Қоғамның сақталатын тауар-материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
- тауарларды жинақтау, буып-түю және беруге дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- тиісті түрде ресімделген құжаттарға (шот-фактуралар, жүкқұжаттар, өтінімдер және басқалар) сәйкес тауарларды, материалдарды, техниканы қабылдау немесе жөнелту;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтай отырып, қоймада тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу;
- кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру қағидаларын орындау;
- белгіленген есептілікті дайындау.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
- Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
- дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім;
- Дербес деректер, еңбек (функционалдық) тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысуы, жетістіктері, тілдерді білуі, қызығушылықтары (хоббиі) және т. б. бөлігінде егжей-тегжейлі және дәйекті фотосы бар өзекті түйіндеме.;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ:
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлік). Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі.».
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 8.04.2025 жылға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86, анықтама телефондары: 8 (7142) 54-16-17, электрондық мекенжайы: ipk_kostanay@mail.ru
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2025 жылғы 9 сәуір, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86.
Конкурсты өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.