Архив, Архив
Жамбыл облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 1 месяц ago

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Тиісті бейін бойынша бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық  білім немесе өзге де кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

Академиялық дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңдарын және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, еңбек заңнамасын; еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі, қарым -қатынас мәдениеті мен еңбек этикасы ережелері мен нормаларын; педагогикалық әдеп нормаларын, оқу жоспарларын жасау тәртібін, тәрбие жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелерін, педагогика, психология, андрогика, қаржылық сауаттылық негіздерін; білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару принциптері; ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің тәсілдері; үздіксіз білім алу және мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы тұжырымдамасы; қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен білім беру платформалары; үздіксіз білім алу және мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы тұжырымдамасы; қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен білім беру платформалары; бағдарлармаларды әзірлеу және білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендердің тиімділігін бағалау әдістемесі; инновациялық білім беру технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту; оқыту және курстан кейінгі іс-әрекеттер кезінде мұғалімдердің өзара әрекетін ұйымдастырудың нысандары, әдістері, құралдары мен ресурстарын.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру;
  • Конкурстық комиссиясы Төрағасының атына өтініш;
  • Суреті бар түйіндеме егжей-тегжейлі және сенімді, атап айтқанда жұмыс (функционалдық тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысу, жетістіктері, тілдері білуі, қызығушылықтары (хоббилері) және т.б. туралы жеке деректор;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
  • Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі ( ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD докторы) ғылыми атағы (профессор, доцент туралы құжаттардың көшірмелрі), қайта даярлау және біліктілікті арттыру, қосымша оқыту туралы құжаттардың көшірмелері; ғылыми жұмыстардың, әдістемелік басылымдардың және өнертабыстардың тізбесі (бар болса); еңбек кітапшасының көшірмесі немесе талап етілетін біліктілікке сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Құжаттарконкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қабылданады.

Мекен-жайы:  Тараз қ., Төле би даңғылы, 69А

Эл.почта: zhambylipk@orleu-edu.kz

Анықтама үшін:  8(7262)-54-61-81

Apply For This Job