«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасарының лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 1 месяц ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және экономист лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі; мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» және білім беру саласындағы өзге де құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актілер, бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарлары мен есептілігін әзірлеу; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; қаржы ресурстарын бөлу тәртібі; Бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі; қаржылық есеп айырысулардың тәртібі мен нысандары; тариф белгілеу.
Негізгі міндеттері:
- Қоғам қызметінің және Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін, оның ішінде Қоғамның бес жылдық кезеңге арналған Даму жоспарын, Қоғамның Даму жоспарына жылдық және жартыжылдық өзгерістерді әзірлеу және бекітуге ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
- Қоғамның ішкі бюджетін қалыптастыруға берілген құрылымдық бөлімшелердің бюджеттік өтінімдерін тексеруді қамтамасыз етуге;
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары бойынша шығындар баптары бойынша қаражаттың жұмсалуы туралы қорытындыларды Бюджет комиссиясының қарауына енгізуге;
- Қоғамның есепті кезеңдегі Даму жоспарының орындалуы туралы есепті әзірлеу және бекітуге ұсыну, Қоғамның есепті кезеңдегі Даму жоспарының орындалуына мониторинг жүргізуді және бағалауды жүзеге асыруға жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
- бекітілген қаржылық көрсеткіштерді Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне жеткізуді;
- Департамент құзыреті шегінде Қоғамның штат кестесін әзірлеуге және оған өзгерістер енгізуге қатысуға, Қоғамның еңбекақы қорын қалыптастыру және жұмсау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға;
- Қоғамның жоғары тұрған ұйымымен және құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден табыс алуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге қатысуға;
- инвестициялаудан алынған кірістер туралы ақпаратты талдауға, жиынтық есептілікті жасауға;
- Қоғамның жарғылық қызметі шеңберінде қызметтерді көрсету үшін Жалғыз акционерге тиісті қаржы кезеңіне бюджеттік өтінім беруге және бюджеттік өтінімде көрсетілген шығындарды негіздеуге;
- тиісті қаржы кезеңіне арналған мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеуге және оған тиісті қаржы кезеңіне ұсыныстарды енгізуге қатысуға;
- қаржылық, экономикалық және басқарушылық есеп талаптарына сәйкес қаржылық есеп пен есептіліктің ақпараттық жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жүргізуге, ішкі және сыртқы пайдаланушыларды қажетті қаржылық-экономикалық ақпаратпен қамтамасыз етуге;
- қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге, Қоғамның бекітілген Даму жоспарына сәйкес шығындар баптарынан қаражатты жұмсау бойынша жұмысты жүргізуге;
- Қоғамның бюджетін уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
- өнімді өндіру мен өткізудің рентабельділігін арттыру, меншікті айналым қаражатын, мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалануды жақсарту, материалдық құндылықтардың артық қорларының қалыптасуына және жойылуына жол бермеу, ұйым өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;
- Қоғамның қаржы-экономикалық қызметін реттейтін нормативтік-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуге қатысуға;
- атқаратын лауазым бойынша құзіреті шегінде iс жүргiзудi, құжаттардың сақталуын және белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 ж. 11.04. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 14 сәуір, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.