Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 1 месяц ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде бір жыл: философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі немесе дәрежесі бар немесе “Болашақ” халықаралық стипендиясының түлектері болып табылатын кандидаттар үшін жұмыс өтілінің болуы туралы талап қолданылмайды; мемлекеттік және / немесе орыс тілінде, ағылшын тілінде жақсырақ. 

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Республиканың еңбек кодексін – Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын”, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын білім берудің өзге де нормативтік құқықтық актілері;

– Педагогикалық әдеп қағидалары, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидалары, педагогтерді аттестаттау қағидалары, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары, санитариялық қағидалар мен нормалар және Департаменттің қызметін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; 

– Педагогика және психология, андрагогика, қаржылық сауаттылық негіздері; Білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару; өзекті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және білім беру платформалары; көрсеткіштер мен ТБИ-ге қол жеткізу тиімділігін бағалау әдістемесі, педагогтердің ғылыми-зерттеу қызметі және кәсіби дамуы.

Негізгі міндеттері:

1) Департаменттің құзыреті шегінде қоғамның стратегиялық міндеттерін іске асыруға қатысу;

2) қызмет бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастыруға; құжаттаманы қалыптастыруға және ресімдеуге, деректерді жинауға және талдауға, есептерді уақтылы жасауға, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттаманы жүргізуге;

3) қызмет бағыттары бойынша деректер базасын жүргізуге; міндеттерді іске асыруда қолдауды жүзеге асыруға, оқыту іс-шараларын жүргізуге;

4) Қоғам қызметі туралы талдамалық есептерді (кестелермен, слайдтармен, диаграммалармен) дайындауға қатысуға;

5) Қоғам басшылығына ұсынылатын нормативтік-құқықтық, әдістемелік, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-техникалық құжаттаманы талдауға;

6) Қоғамның стратегиялық міндеттерін тиімді іске асыру бойынша құрылымдық бөлімшелерден ақпарат жинауға;

7) Қоғамның халықаралық, ұлттық жобалары мен іс-шараларын іске асыруға қатысу;

8) Қоғамды институционалдық аккредиттеу жөніндегі құрылымдық бөлімшелермен жұмыс істеуге;

9) Қоғамның ресми сайтында Департамент материалдарын жүргізуге және жүйелеуге жауапты.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 ж. 11.04. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2025 жылғы 14 сәуір, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job