Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 недели ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жыл жұмыс өтілі қажет.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды; Ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы реттеуші мәселелер, дизайн принциптері мен құралдарын, графикалық редакторларды түсіну, бағдарламалау мен стильдердің негізгі ресімделген тілдері, орналасу және бағдарламалау негіздері, адаптивті дизайн принциптерін білу, нұсқалықты бақылау үшін консольдық утилиталармен жұмыс істей білу, ақпаратты техникалық қорғауды қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар, еңбек заңнама, ішкі тәртіп ережелері, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.

Негізгі міндеттері:

1) Қоғамның барлық құрылымдары қызметкерлеріне Ақпараттық жүйелер бойынша кеңес беру, практикалық көмек көрсету;

2) Ақпараттық жүйелерді қауіпсіз және тиімді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар мен басқа да әдістемелік материалдарды әзірлеу, пайдаланушыларды оқытуды және қолдауды қамтамасыз ету;

3)бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық жүйелерді (операциялық жүйелер, перифериялық құрылғыларға арналған драйверлер мен утилиталар, қоғамның кез келген басқа да ақпараттық жүйелері мен корпоративтік қосымшалары) орнату, жаңарту және олардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету;

4) перифериялық құрылғыларға тұрақты техникалық қызмет көрсету, оның ішінде жинақтауыштарды ауыстыру;

5) кешенді проблемаларды жою үшін басқа ОТ-мамандармен өзара іс-қимыл жасау;

6) келіп түскен құжаттардың, өкімдер мен хабарламалардың орындалуын, сондай-ақ ақпараттық-нормативтік құжаттарды алуды жүзеге асыру;

7) қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды ұйымдастыру және бақылау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 ж. 11.04. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2025 жылғы 14 сәуір, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job