Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 5 дня ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе кәсіптік білім. Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 (бес) жылдан кем емес. Ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру. Білім беру саласындағы педагогикалық өлшемдер, мониторинг және бағалау саласындағы қосымша білім беру немесе біліктілікті арттыру курстары. Бағалау және мониторингтік зерттеулер рәсімдерін жүргізуге қатысу тәжірибесі.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін. Білім берудегі мониторинг және бағалау негіздері, деректерді талдау әдістері, бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану принциптері. Ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік нормалары, санитарлық ережелер.

Негізгі міндеттері:

  1. бағалау рәсімдерін жүргізуді ұйымдастыру және үйлестіру;
  2. бағалау құралдарын әзірлеуге, сараптама жүргізуге;
  3. Бағалау жөніндегі нормативтік, нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және жетілдіруге қатысуға міндетті;
  4. бағалау нәтижелері бойынша деректерді талдауға, түсіндіруге, негізделген қорытындылар мен ұсынымдарды тұжырымдауға;
  5. бағалаудың және оқытудың тиімділігінің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге;талдамалық есептерді дайындауға және бағалау нәтижелерін әртүрлі форматта (презентациялар, баяндамалар, анықтамалар және т. б.) ұсыну;
  6. бағалау мәселелері бойынша әдістемелік сүйемелдеу және консультацияны қамтамасыз ету;
  7. бағалау мәселелері бойынша оқыту іс-шаралары мен семинарлар өткізу;
  8. міндеттерді тиімді орындау үшін кәсіби деңгейін, біліктілігін және еңбек өнімділігін арттыру;
  9. мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау, олардың бағалау рәсімдеріне қатысуын үйлестіру;
  10. негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың жобаларын әзірлеу және Департамент қызметінің функционалдық бағыттарына қатысты мәселелер бойынша қызметтік хаттар дайындау;
  11. бағалау рәсімдеріне байланысты құжаттаманы есепке алу және бақылауды жүргізу;
  12. бағалау рәсімдерімен байланысты құпия деректердің қорғалуын қамтамасыз ету.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 ж. 18.04. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2025 жылғы 21 сәуір, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job