«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жараталыстану – математикалық бағыттағы зертхананың басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 5 дня ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: жаратылыстану-математика ғылымдары (математика, информатика, физика, химия, биология, география) бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім. Магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектері немесе осыған ұқсас халықаралық стипендиялық бағдарламалардың, Назарбаев университетінің түлектері. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымындағы өтілі кемінде үш жыл; PhD дәрежесі немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі екі жылға дейін қысқартылуы мүмкін. Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгерген жөн, ағылшын тілін еркін меңгерген жөн.
Білім беру бағдарламаларын жобалаудың заманауи әдістемелерін, педагогикалық дизайн принциптерін білу, Оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу тәжірибесі, сондай-ақ оларды әзірлеу үшін құралдармен және платформалармен жұмыс істей білу.
Қажетті басқару және көшбасшылық дағдылардың, аналитикалық қабілеттердің, ақпаратты талдауды және құрылымдауды талап ететін күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жүйелілік пен ойлау икемділігінің деңгейі, тиімді қарым-қатынас және бейімделу дағдылары, командада жұмыс істей білу.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздері, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, менеджмент негіздері, педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктері, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, оның ішінде ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары, өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік талаптары.
Негізгі міндеттері:
1) зертхананың қызметіне оның міндеттері мен функцияларына, оның ішінде еңбек тәртібіне сәйкес жалпы басшылық жасау және бақылауды жүзеге асыру, жұмыскерлер арасында функционалдық міндеттерді бөлу;
2) еңбек шартында, Қоғамның ішкі актілерінде және осы лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;
3) еңбек нарығының және білім беру стандарттарының қажеттіліктеріне зерттеулер мен талдау жүргізуді ұйымдастыру;
4) білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендердің тұжырымдамаларын, жоспарлары мен құрылымын әзірлеуді қамтамасыз ету;
5) білім беру бағдарламаларының ішкі және сыртқы сараптамаларын ұйымдастыру;
6) білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласындағы әлемдік үрдістердің мониторингі мен талдауын қамтамасыз ету;
7) Білім беру бағдарламаларын іске асыруды регламенттейтін ішкі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеу және жаңарту;
8) білім беру бағдарламаларының сапасын бақылау жүйесін әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз ету;
9) профессор-оқытушылар құрамы мен жаттықтырушыларды оқыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
10) ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара іс-қимылда зертхананың мүдделерін білдіру;
11) атқаратын лауазымы бойынша құзыреттер шеңберінде іс қағаздарын жүргізуге, құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 ж. 18.04. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 21 сәуір, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.