«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ инженері жасанды интеллект зертханасына ML/AI инженері лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 5 дня ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: ақпараттық технологиялар, деректерді талдау, машиналық оқыту, қолданбалы математика немесе сабақтас бағыттар саласындағы жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі; мемлекеттік және/немесе орыс тілін меңгеру, ағылшын тілін білу (жақсырақ). Машиналық оқыту (ML) және жасанды интеллект модельдерін әзірлеу бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын және ақпараттық технологиялар және деректерді қорғау саласындағы қызметті реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, еңбек заңнамасын, қағидаларды ішкі еңбек тәртібі, Еңбекті қорғау, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптары. Машиналық оқытудың заманауи алгоритмдері және оларды қолдану әдістері, ML/AI шешімдерін әзірлеуге арналған негізгі кітапханалар мен құралдар, деректерді дайындау, өңдеу және талдау әдістері, Машиналық оқыту модельдерін құру, тестілеу және оңтайландыру принциптері, мәліметтер базасымен жұмыс істеу негіздері, үлкен деректерді сақтау және өңдеу, ML модельдерін ақпараттық жүйелерге біріктіру негіздері, ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау негіздері.
Негізгі міндеттері:
- міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру;
- Машиналық оқыту және ЖИ модельдерін әзірлеу және оқыту;
- Үлкен деректерді дайындау, өңдеу және талдау;
- ЖИ шешімдерін оңтайландыру және сүйемелдеу;
- жобалар бойынша техникалық құжаттаманы жүргізу;
- ЖИ саласындағы жаңа тәсілдерді зерттеу және енгізу;
- жұмыс берушіге мүгедектік белгіленгені немесе Еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының өзге де нашарлағаны туралы хабарлау;
- жұмыс берушіге адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлердің мүлкінің сақталуына қатер төндіретін туындаған жағдай туралы, сондай-ақ бос тұрып қалудың туындауы туралы хабарлау;
- негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың жобаларын әзірлеуге және зертхана қызметінің функционалдық бағыттарына қатысты мәселелер бойынша қызметтік хаттар дайындау;
- бағалау рәсімдеріне байланысты құжаттаманы есепке алу және бақылау;
- бағалау рәсімдерімен байланысты құпия деректердің қорғалуын қамтамасыз ету.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 ж. 18.04. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 21 сәуір, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.