«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жаратылыстану – математикалық бағыттағы зертхананың бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 5 дня ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе Жаратылыстану-математикалық ғылымдар бойынша (математика, информатика, физика, химия, биология, география) өзге де кәсіптік білім. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, PhD дәрежесі немесе ғылыми дәрежесі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі екі жылға дейін қысқартылуы мүмкін. Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгерген жөн, ағылшын тілін еркін меңгерген жөн.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеумен айналысатын оқу орындарында немесе ұйымдарда жұмыс тәжірибесі. Тиісті бағыт бойынша білім беру бағдарламаларын жобалаудың заманауи әдістемелерін, педагогикалық дизайн принциптерін, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу тәжірибесін, сондай-ақ оларды әзірлеу үшін құралдармен және платформалармен жұмыс істей білу.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, біліктілікті арттыру, оқыту саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздері, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, менеджмент негіздері, педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, қоғамның белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажет.
Негізгі міндеттері:
- білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді, бағыт бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге және сараптамаға қатысу;
- білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендердің тұжырымдамаларын, жоспарлары мен құрылымдарын әзірлеуге қатысу;
- бағыт бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған талдамалық және әдістемелік жұмысқа қатысу;
- білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- Еңбек нарығының және білім беру стандарттарының қажеттіліктерін зерттеу және талдау;
- білім беру бағдарламаларының ішкі және сыртқы сараптамасын ұйымдастыруға қатысу;
- Білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласындағы әлемдік үрдістерге мониторинг жүргізу және талдау;
- білім беру бағдарламаларын өзектендіру бойынша талдамалық есептер, шолу және ұсынымдар дайындау;
- білім беру бағдарламаларын іске асыруды регламенттейтін ішкі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және жаңартуға қатысу;
- білім беру бағдарламаларының сапасын бақылау жүйесін әзірлеуге және енгізуге қатысу;
- профессор-оқытушылар құрамы мен жаттықтырушыларды оқыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысу;
- зертхана қызметінің функционалдық бағыттарына қатысты мәселелер бойынша негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың жобаларын әзірлеу.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 ж. 18.04. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 21 сәуір, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.