Архив
“Өрлеу” по Костанайской области
Posted 2 месяца ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық (журналистика, қоғаммен байланыс) бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе қоғаммен байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары саласында қосымша даярлық, сондай-ақ кемінде бір жыл жұмыс өтілі болуы қажет.

Мемлекеттік (қазақ) және орыс тілдерін еркін меңгеруі тиіс.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, қоғаммен байланысты ұйымдастыру мәселелеріне қатысты қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, өзге де басшылық және нормативтік құжаттарды; бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама туралы заңнама негіздерін; қоғаммен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық қағидаттардың халықаралық және ұлттық кодекстерін; ұйымның мамандануы, қызметінің ерекшеліктері мен даму перспективаларын; әлеуметтану, психология негідерін; сапалық және сандық әлеуметтік зерттеулер жүргізудің негізгі әдістерін; бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу әдістемесін; жарнамалық хабарламалар, мақалалар, үндеулер, көпшілік алдында баяндамалар құрамы мен стилінің заңдылықтарын; статистикалық ақпаратты талдау әдістерін; іс жүргізу негіздерін; ұйымның жеке дерекқорын қалыптастыру және пайдалану әдістері мен құралдарын; заманауи техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістерін; маркетинг негіздерін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, қоғаммен байланыс саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты беру тәртібін, оны қорғау және пайдалану тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Білуі міндет: Ақпараттық және имидждік жұмыстарды жүргізу, Позитивті имиджді қалыптастыру және қолдау, Ұйымның іскерлік беделін жоғарылату мақсатында ақпараттық алаңды реттеу.

Негізгі міндеттері:

  1. Филиал мен Қоғамның сайтын мазмұнмен (контент) толықтыру;
  2. Филиал сайты мен Қоғам мазмұнының өзектілігін және онда орналастырылған ақпараттың анықтығын бақылау;
  3. Филиал мен Қоғам сайтының негізгі тұжырымдамасын қолдау, сайт мазмұны мен тұжырымдамасын пысықтау, сайтқа кірушілер үшін жаңа сервисті енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;
  4. PR-жарнаманы, Филиал мен Қоғамның сайтын ілгерілету;
  5. SMM (әлеуметтік маркетинг) жүргізу;
  6. Филиал мен Қоғамның сайтын әлеуметтік желілерде ілгерілету;
  7. Филиалдың Қоғамның корпоративтік стилін пайдалануын бақылау және брендбукке сәйкестігін қамтамасыз ету;
  8. ілгерілету стратегиясын, БАҚ пен әлеуметтік желілерде нақты құрылымдалған жұмыс үшін жылдық медиа-жоспар және ай сайынғы мазмұн-жоспар әзірлеу, олардың орындалуын бақылау;
  9. әлеуметтік желілерде компания және (немесе) оның өнімдері туралы пікірлерді іздеу және кейіннен талдау;
  10. SERM (бедел маркетинг) жүргізу;
  11. баспасөз конференцияларын, брифингтер, «дөңгелек үстелдер» мен басшылықтың қатысуымен кездесулер ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ Филиалда да, Қоғамда да өткізілетін іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу;
  12. Филиалдың, Қоғамның және басшылардың қызметі туралы материалдар жасауда бұқаралық ақпарат құралдарына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету;
  13. ақпараттық материалдарды (мақалаларды, мамандандырылған бағдарламалар мен басылымдарды) әзірлеу және шығаруға қатысу;
  14. басшының бұқаралық ақпарат құралдарындағы сұхбаттарын, тікелей эфирлерін, сөз сөйлеулерін дайындау;
  15. Филиал мен Қоғамның қызмет саласына қатысты іс-шаралар туралы баспасөз хабарламаларын және басқа да ақпараттық материалдарды уақытылы дайындау;
  16. өңір педагогтерімен тиімді жұмыс істеу үшін, мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінің қатысуымен мазмұнды құру үшін мектептермен және білім беру мекемелерімен тығыз байланыста болу;
  17. педагогтерді курстан кейінгі қолдау жобаларын іске асыруға тікелей қатысу;
  18. Қазақстан Республикасы Ағарту министрлігінің және Қоғамның сұрауы бойынша Филиалдың имидждік жұмысы туралы толық ақпаратты жедел ұсыну;
  19. бейнематериалдарды, аңдатпаларды және басқа да бейне және фото материалдарды әзірлеу;
  20. іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.
  21. Филиалдың әлеуметтік желілерінде тренерлер мен филиал директорларымен бірге онлайн-кездесулер жүргізу;
  22. Әлеуметтік желілерде жарияланымдарды мониторингтеу;
  23. Мерекелерге, мерейтойларға және басқа да оқиғаларға арналған құттықтау ашықхаттарын әзірлеу және жіберу;
  24. Филиал мен Қоғамның әлеуметтік желілерін тыңдаушылар арасында офлайн курстарда таныстыру, сондай-ақ Қоғамның интернет-ресурстарымен жұмыс жасау бойынша консультациялық көмек көрсету;

25. Іс жүргізуді жүргізу, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды белгіленген тәртіппен архивке тапсыру

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаға, хабарландыруда көрсетілген күннен кешіктірмей құжаттардың көшірмелерін жолдайды:

– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

– конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;

– дербес деректер, еңбек (функционалдық) тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысуы, жетістіктері, тілдерді білуі, қызығушылықтары (хоббиі) және т. б. бөлігінде егжей-тегжейлі және дәйекті, фотосы бар өзекті түйіндеме; – қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD философия докторы), ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент), қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қосымша оқудан өту туралы құжаттардың көшірмелері; ғылыми еңбектер, әдістемелік жарияланымдар мен өнертабыстар (бар болса); еңбек кітапшасының немесе біліктілік конкурсының талаптары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі, біліктілік санаттарына қатысты қосымша ақпарат, қажет болған жағдайда – алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ:

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 20.05.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская  көшесі, 86  мекен-жайы бойынша қабылданады; анықтама үшін телефоны: 8(7142) 54-16-17, электрондық пошта: ipk_kostanay@mail.ru

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны: 2025 жылдың 21 мамыр, Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская  көшесі, 86. Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық көлемде ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job