Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 6 дня ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгерген.

Білуге тиіс: қоғамдық байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, бәсекелестік ортамен жұмыс істеудің негізгі қағидаттары, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу әдістері, риторика негіздері мен көпшілік алдында сөйлеу техникасы, өз базасын қалыптастыру және пайдалану әдістері мен құралдары қазіргі заманғы байланыс құралдарын, аппараттық-техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістері, ақпаратты көрсету мен берудің техникалық құралдарының түрлері, мамандануы, ұйымның қызмет ерекшеліктері мен Даму стратегиясы, іскерлік қарым-қатынас этикасы, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Негізгі міндеттері:

  1. басшылықтың қатысуымен баспасөз конференцияларын, брифингтерді, дөңгелек үстелдер мен кездесулерді ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ Қоғамның Орталық аппаратында да, филиалдарында да өткізілетін іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыруға;
  2. бұқаралық ақпарат құралдарына Қоғамның, оның басшыларының, құрылымдық бөлімшелер мен филиалдардың қызметі туралы материалдар жасауда ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетуге;
  3. ақпараттық материалдарды (мақалаларды, арнаулы бағдарламалар мен басылымдарды) жасауға және шығаруға қатысуға;
  4. сұхбаттар, тікелей эфирлер, басшының бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеген сөздерін дайындауға;
  5. Қоғамның оң имиджін БАҚ, ақпараттық агенттіктер және әлеуметтік желілер арқылы қалыптастыруға және тиісті қоғамдық пікірді қолдауға;
  6. Қоғамның, оның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының қызмет саласына қатысты оқиғалар мен іс-шаралар туралы баспасөз релиздерін және басқа да ақпараттық материалдарды дайындауға;
  7. басшылық үшін орталық және өңірлік баспасөзде ақпараттық агенттіктердің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының және әлеуметтік желілердің Қоғам мен оның филиалдарының қызметі туралы материалдарын жедел жинау мен талдауды жүзеге асыруға;
  8. Қоғамның сайтына жолданған мәселелерді жинауды және жіктеуді жүзеге асыруға, ал Қоғамның тиісті құрылымдарында жауаптар дайындалғаннан кейін оларды сайтта жариялауға;
  9. әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы жарияланымдар бойынша апта сайынғы, ай сайынғы және тоқсандық есептерді қалыптастыруға;
  10. Басқарма мамандарымен бірлесіп бейне материалдар, анонстар әзірлеуге;
  11. филиалдардың әлеуметтік парақшаларында филиалдардың тренерлерімен, директорларымен бірлесіп онлайн-кездесулер өткізуге;
  12. өңірлік филиалдардың әлеуметтік парақшаларында жарияланымдарға мониторинг жүргізуге.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

  • конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
  • фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
  • дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру  (сілтеме);
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
  • қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
  • шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
  • қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 08 мамырды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Персоналды басқару қызметі.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2025 жылғы 12 мамыр, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 28 кабинет.

Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job