Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 недели ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: Ақпараттық технологиялар, компьютерлік ғылымдар, IT-инфрақұрылымды басқару бағыттары бойынша тиісті жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі, техникалық ағылшын тілін білуі қажет.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды, сондай-ақ ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мәселелерді реттейтін құжаттарды білуі тиіс.

DevOps тәсілдерінің негіздерін, CI/CD үдерістерін, контейнеризация құралдарын, оркестрация жүйелерін, конфигурацияны басқару жүйелерін, негізгі бұлттық платформаларды білуі керек. Серверлік операциялық жүйелердің жұмыс принциптері, мониторинг және лог жүргізу әдістері, нұсқаларды бақылау жүйелері туралы түсінігі болуы қажет. Инфрақұрылымды резервтік көшіру, жүктемені теңгеру, масштабтау, желілік қауіпсіздік пен деректерді қорғау әдістерін меңгеруі тиіс. Дерекқорлармен жұмыс істеудің негіздерін, API арқылы қызметтердің өзара әрекеттесуін, тестілеу мен енгізуді автоматтандыру технологияларын білуі қажет. Скрипттер жазу, виртуализациямен жұмыс істеу, инфрақұрылымды код ретінде (IaC) құру, серверлік шешімдердің өнімділігін оңтайландыру дағдылары болуы қажет.

Аналитикалық ойлау қабілеті, ұқыптылық, жауапкершілік, күйзеліске төзімділік, командада жұмыс істей білу, инциденттерге жедел әрекет ету, IT-инфрақұрылымның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілеті қажет. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

Негізгі міндеттері:

  1. Қолданбаларды ендіру және тестілеу үдерістерін автоматтандыру үшін CI/CD конвейерлерін әзірлеу және қолдау көрсету;
  2. Инфрақұрылым конфигурацияларын IaC құралдарын пайдалана отырып басқару;
  3. Серверлердің, контейнерлік оркестраторлардың және бұлттық сервистердің әкімшілігін жүргізу және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
  4. Жүйелерді мониторингтеу және лог жүргізуді қамтамасыз ету;
  5. Қолданушылардың сервистер мен жүйелерге қолжетімділігін басқару, тіркелгілер мен қол жеткізу құқықтарын бақылау;
  6. Әкімшілік ету мен пайдалану бойынша рутиналық үдерістерді скрипттер мен автоматтандыру құралдары арқылы автоматтандыру;
  7. Инфрақұрылымдағы ақауларды анықтау және жою, сервистердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
  8. Серверлер мен желілік инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осалдықтарды талдау және қорғаныс тетіктерін енгізу;
  9. Деректердің резервтік көшірмесін жасау және қалпына келтіруді жүзеге асыру, сервистердің үздіксіздігін қамтамасыз ету;
  10. Инфрақұрылымды ендіру, конфигурациялау және пайдалану бойынша құжаттаманы әзірлеу және қолдау көрсету;
  11. IT-инфрақұрылым жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында әзірлеушілермен, жүйелік әкімшілермен және ақпараттық қауіпсіздік мамандарымен өзара әрекеттесу;
  12. IT-жүйелердің өнімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған жаңа технологияларды іріктеу, сынақтан өткізу және ендіруге қатысу;
  13. Маршрутизацияны, жүктемені теңгеруді және трафикті басқаруды қоса алғанда, желілік инфрақұрылымды қолдау және дамыту;
  14. Желілік құрылғыларды (маршрутизаторлар, коммутаторлар, жүктеме теңгергіштері мен брандмауэрлар) баптау және әкімшілік ету;
  15. Желілік инфрақұрылымды мониторингтеу, логтарды талдау және ықтимал ақаулардың алдын алу;
  16. Желілік периметрдің қорғанысын қамтамасыз ету, қауіпсіздік саясаттарын іске асыру және желілік ресурстарға қолжетімділікті бақылау;
  17. Серверлік және желілік инфрақұрылымды пайдалану бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 23 мамырды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2025 жылғы 26 мамыр, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job