«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ IT-инфрақұрылымды дамыту департаментінің жүйелік әкімшісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 недели ago
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Ақпараттық технологиялар, компьютерлік ғылымдар, IT-инфрақұрылымды басқару бағыттары бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі, техникалық ағылшын тілін білуі қажет.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын және білім беру саласының даму бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен құжаттарды, сондай-ақ ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қатынастарды реттейтін құжаттарды білуі тиіс.
Операциялық жүйелерді әкімшілендіру негіздері, серверлерді, виртуализация жүйелерін, резервтік көшіру құралдарын баптау және сүйемелдеу әдістері, қолжетімділік пен пайдаланушы тіркелгілерін басқару принциптері. Желілерді құру және әкімшілендіру негіздері, маршрутизацияны баптау, желілік қауіпсіздік, коммутаторлармен, маршрутизаторлармен және брандмауэрлармен жұмыс істеу. Жабдықтардың, сервистер мен желілердің мониторингі мен диагностикасы қағидаттары, конфигурацияны басқару және автоматтандыру технологиялары. Ақпараттық қауіпсіздік негіздері, деректерді қорғау әдістері, антивирустық жүйелермен жұмыс істеу, шабуылдардың алдын алу тәсілдері. Бағдарламалық жасақтаманы лицензиялау, техникалық құжаттаманы жүргізу, IT-ресурстарды түгендеу, IT жабдықтарды пайдалану, есепке алу және есептен шығару ережелері.
Ақауларды жылдам анықтау және жою, логтарды талдау, пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету, IT-сервистерді баптау және оңтайландыру дағдылары болуы тиіс. Ұйымшылдық, ұқыптылық, күйзеліске төзімділік, жауапкершілік, командада жұмыс істей білу қабілеті, IT-инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету – міндетті қасиеттер.
Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.
Негізгі міндеттері:
- Windows Server, Linux сияқты серверлік операциялық жүйелерді және AD, DNS, DHCP, файлдық сервистер сияқты қызметтерді орнату, баптау және әкімшілендіру;
- Серверлік жабдықтардың, деректерді сақтау жүйелерінің және виртуализация жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және қолдау, серверлік және желілік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді есепке алу, бағдарламалық қамтамасыз етудің лицензиялануын және жаңартылуын бақылау;
- Серверлер мен инфрақұрылымдық сервистердің жұмысын мониторингтеу және диагностикалау, туындаған ақауларды жою;
- Деректердің резервтік көшірмесін жасау және қалпына келтіру, резервтеу саясаттарын басқару, пайдаланушы тіркелгілерін басқару, IT-ресурстарға қолжетімділік пен қауіпсіздік саясаттарын баптау;
- Пайдаланушылармен өзара әрекеттесу, IT-инфрақұрылым жұмысы бойынша техникалық қолдау және кеңес беру, серверлік инфрақұрылымды жаңғырту мен дамытуға қатысу, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Серверлік үй-жайлар мен техникалық аймақтардағы климаттық жағдайдың жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету;
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің, антивирустық қорғаныс пен шабуылдардың алдын алу жүйелерінің жұмысқа жарамдылығын қолдау, бағдарламалық және жүйелік компоненттердің жаңартылуын бақылау, осалдықтарды уақтылы жоюды қамтамасыз ету;
- Серверлік және желілік жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманы сатып алуды жоспарлау, серверлік және желілік жабдықтарға, лицензияларға және IT-қызметтерге арналған бюджетті қалыптастыру, жабдықты жеткізу, техникалық қызмет көрсету және кепілдік жөндеу мәселелері бойынша мердігерлермен өзара әрекеттесу;
- Серверлік және желілік инфрақұрылымды пайдалану бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу, іс жүргізуді жүргізу, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыру;
- Еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін мүгедектік белгіленгені немесе денсаулық жағдайының нашарлағаны туралы жұмыс берушіге хабарлау;
- Адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін жағдай, сондай-ақ тоқтап қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге дереу хабарлау;
- Жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауысқан кезде профилактикалық медициналық тексеруден өтуге міндетті болу;
- Жұмыс беруші ұсынған жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын мүлтіксіз және мақсатына сай қолдану.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 23 мамырды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 26 мамыр, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.