«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаменті директорының бос лауазымына, уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына; орналасуға конкурс жариялайды.
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 месяца ago
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Сәйкес бағыт бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде бес жыл немесе басшылық лауазымда жұмыс өтілі кемінде үш жыл; мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен болашағын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды;
Қазақстан Республикасындағы цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздік, жаңа технологияларды енгізу қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді; ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін; ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.
Негізгі міндеттері:
- Қоғамның құрылымдық бөлімшесінің қызметіне жалпы басшылық етуді және бақылауды, оның ішінде еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асыру, қызметкерлер арасында функционалдық міндеттерді бөлу;
- Қоғамның барлық құрылымдарының қызметкерлеріне ақпараттық технологиялар бойынша кеңес беру;
- Ақпараттық жүйелерді қауіпсіз және тиімді пайдалану бойынша нұсқаулықтар мен басқа да әдістемелік материалдарды әзірлеуді, пайдаланушыларды оқытуды және қолдауды, сондай-ақ басқа да іс-шараларды қамтамасыз ету;
- Бағдарламалық жасақтаманың, ақпараттық жүйелердің және аппараттық құралдардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- UI/UX дизайн бағыты бойынша жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру;
- Қоғамның веб-сайттары, ақпараттық жүйелері және өзге де цифрлық өнімдері үшін дизайн тұжырымдамасы мен пайдаланушы интерфейсін әзірлеуді үйлестіру және тиісті шешімдер қабылдау;
- Құжаттардың, өкімдер мен хабарламалардың орындалуын бақылауды, сондай-ақ ақпараттық-нормативтік құжаттарды алуды жүзеге асыру;
- Қажетті есептілікті дайындау мен ұсынуды ұйымдастыру және бақылау, бағынысты қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту, кадрларды дұрыс орналастыру, департамент қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын қадағалау;
- Құрылымдық бөлімшеде іс жүргізуді, құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету;
- Жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және басқа да заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге келтірілген зиянның орнын толтыру;
- Атқаратын лауазымы бойынша өкілеттігі мен құзыретінің шеңберінде Қоғамның жұмыс топтарының, комиссияларының жұмысына және кеңестеріне қатысу.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
- конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
- фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
- дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
- қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 23 мамырды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 26 мамыр, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 28 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.