«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Персоналды басқару қызметінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 дня ago
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім; кадрлық іс жүргізу немесе білім беру саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; кадрлық есеп және іс қағаздарын жүргізу (электрондық құжат айналымы, кадрлық ақпараттық жүйелер), персоналды оқытуды, сертификаттауды және бағалауды ұйымдастыру, кадрлық резервті қалыптастыру тәжірибесі; Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру; облыста қосымша даярлау “HR” және ағылшын тілін білу.
Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, “Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы” Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы”, “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар, білім беруді дамытудың айқындаушы бағыттары мен перспективалары; персоналды басқару жөніндегі қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, персоналды басқару жөніндегі әдістемелік материалдар, ұйымның құрылымы мен Штаттары, оның бейіні, мамандануы мен даму перспективалары, ұйымның кадр саясаты мен стратегиясы, болжамдар жасау тәртібі, кадрларға перспективалық және ағымдағы қажеттілікті айқындау, ұйымды кадрлармен қамтамасыз ету көздері, еңбек нарығының жай-күйі, кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымын талдау, персоналды басқарудың заманауи тұжырымдамалары, еңбек уәждемесі мен персоналды бағалау жүйесінің негіздері, кадрларды оқыту мен біліктілігін арттырудың нысандары мен әдістері, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, кәсіптер мен лауазымдарды іздеу технологиясы, еңбек шарттарын әзірлеу тәртібі, даму перспективалары, қоғамның басқару құрылымы мен кадр құрамы, жеке деректер базасын құру әдістері, тестілеу, әңгімелесу өткізу әдістемелері, өндірістік педагогика негіздері, озық отандық персоналды басқару саласындағы шетелдік тәжірибе, еңбек нарығын талдау және мониторингілеу әдістері, құжаттаманы ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібі, персонал туралы деректер банкін қалыптастыру және жүргізу тәртібі, кадрлар қозғалысын есепке алу әдістері, белгіленген есептілікті жасау тәртібі, жұмыста заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары, өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік талаптары.
Негізгі міндеттері:
1) персоналды басқару мәселелері жөніндегі Филиалдың құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерінің, лауазымдық нұсқаулықтарының және ішкі актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
2)жеке құрам бойынша бұйрықтарды ресімдеу, есепке алу және тіркеу (қабылдау, жұмыстан шығару, ауыстыру, көтермелеу және т. б.) қоса алғанда, еңбек заңнамасына сәйкес кадрлық әкімшілендіруді жүргізу;
3) жұмыскерлерді, жаңадан қабылданғандарды қоса алғанда, қолданыстағы нормативтік актілер туралы хабардар ету, оларға персоналды басқару және еңбек заңнамасы мәселелері бойынша консультация беру.
4) қызметкерлердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын есепке алу, толтыру және сақтау, қажеттілік бойынша жұмыс орнынан анықтамаларды ресімдеуді қамтамасыз ету;
7) ішкі еңбек тәртібі қағидаларына және басқа да ішкі актілерге сәйкес еңбек тәртібін сақтау жөніндегі жұмысты үйлестіру;
8) атқаратын лауазымы бойынша құзыреттер шеңберінде іс қағаздарын жүргізуге және құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету;
9) жұмыскерлерді, жаңадан қабылданғандарды қоса алғанда, қолданыстағы нормативтік актілер туралы хабардар етуге, оларға персоналды басқару және еңбек заңнамасы мәселелері бойынша консультация беру.
10) қызметкерлерді оқыту және кәсіби дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
11) қызметкерлерді оқыту және кәсіптік дамыту жөніндегі корпоратив ішілік іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу;
12) қызметкерлердің кәсіби қызметінің нәтижелерін талдау негізінде институционалдық, ведомстволық және мемлекеттік деңгейлерде оларды марапаттау және көтермелеу жөніндегі материалдарды дайындау;
13) ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес персоналды бағалау және аттестаттау процестеріне қатысу.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2026 ж. 01 сәуірді қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2026 жылғы 02 сәуір, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

