Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 дня ago

Біліктілік талаптары: 

Тиісті бағыт бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілін білу, ағылшын тілін білу артықшылықты болып табылады. Бір немесе бірнеше серверлік бағдарламалау тілдерін және тиісті шеңберлерді білу, сондай-ақ бағдарламалық жасақтаманы тестілеу әдістемелерін сенімді меңгеру. Тапсырмаларды қадағалау жүйелерімен (Jira, Trello) жұмыс тәжірибесінің болуы. Postman және Swagger құралдарын, сондай-ақ браузер мен мобильді интерфейстерді тестілеуді қолдана отырып, API тестілеу дағдылары. Жүктемелік тестілеу және тестілеуді автоматтандыру тәжірибесі артықшылық болып табылады. 

Білуге тиіс: 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, ақпараттық технологиялар саласындағы қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарын. Серверлік әзірлеу негіздерін, оның ішінде алгоритмдерді жобалау және оңтайландыру әдістерін, құрылымдық және объектіге бағытталған бағдарламалау қағидаттарын, өзара әрекеттесудің негізгі хаттамаларын, реляциялық және мамандандырылған дерекқорлардың жұмыс істеу қағидаттарын, оларды интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздігін.Ақпаратты автоматты өңдеу технологияларын, деректерді сақтау және өңдеу құралдарын, нұсқаларды басқару жүйелерін, ақпараттық қауіпсіздік қағидаттарын, оның ішінде деректерді шифрлау, сәйкестендіру және авторландыру әдістерін. Құжаттамалау стандарттарын, техникалық ерекшеліктерді рәсімдеу, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, API сипаттамаларын және өзге де регламенттеуші материалдарды әзірлеу талаптарын. 

Негізгі міндеттері 

  1. ақпараттық жүйелерді және бағдарламалық өнімдерді олардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде функционалдық, интеграциялық және регрессиялық тестілеуді жүзеге асыру; 
  1. тестілеуді дайындау және өткізу мақсатында бизнес-талаптарды, техникалық тапсырмаларды және жобалық құжаттаманы талдау; 
  1. чек-парақтарды, тест-кейстерді, тест-жоспарларды және анықталған ақаулар туралы есептерді қоса алғанда, тестілік құжаттаманы әзірлеу, жүргізу және өзектендіру; 
  1. функционалдық мүмкіндіктердің мәлімделген талаптарға сәйкестігін тексеруді қоса алғанда, бағдарламалық қамтамасыз ету шығарылымдарын қабылдау тестілеуіне қатысу; 
  1. тапсырмаларды қадағалау жүйелеріндегі ақауларды тіркеу, жіктеу және сүйемелдеу (Jira, Trello және т. б.), оларды жою мерзімдерін бақылау; 
  1. ақауларды анықтау және жою процесінде әзірлеушілермен, талдаушылармен және жоба тобының басқа қатысушыларымен өзара әрекеттесу; 
  1. мамандандырылған құралдарды пайдалана отырып, API, браузер және мобильді интерфейстерді тестілеуге қатысу; 
  1. тестілеуді автоматтандыруға және жүктемелік тестілеуді өткізуге қатысу (тиісті дағдылар болған жағдайда); 
  1. сапа стандарттарының, ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау талаптарының сақталуын бақылау; 

Ұсынылатын құжаттар тізбесі 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады: 

-Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме); 

-фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме); 

-Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; 

-қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады; 

-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі; 

-қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері); 

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. 

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2026 ж. 14.01. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 22 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі. 

Сұхбат өткізу күні және орны: 

2026 жылғы 15 қаңтар, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет. 

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. 

Apply For This Job