«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Бағдарламалық қамтуды әзірлеу департаментінің мобильді қосымшаларды әзірлеушісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 дня ago
Біліктілік талаптары
Тиісті бағыт бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін меңгеруі, ағылшын тілін білуі (қалаулы). Серверлік бағдарламалау тілдерінің бірін немесе бірнешеуін және тиісті фреймворктерді білуі, сондай-ақ серверлік логиканы жобалау және дерекқорлармен интеграциялау бойынша практикалық тәжірибесінің болуы. Flutter платформасында коммерциялық мобильді қосымшаларды әзірлеу саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, Dart бағдарламалау тілін білуі, REST API, JSON, WebSockets технологияларымен жұмыс істеу тәжірибесі. App Store және Google Play платформаларында мобильді қосымшаларды жариялау тәжірибесінің болуы. CI/CD қағидаттарын және Git-Flow нұсқаларды басқару моделін түсінуі. Қазақстан Республикасының төлем жүйелерімен және мемлекеттік сервистерімен интеграциялау тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады.
Білуге тиіс
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, ақпараттық технологиялар саласындағы қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарын. Серверлік әзірлеу негіздерін, оның ішінде алгоритмдерді жобалау және оңтайландыру әдістерін, құрылымдық және объектіге бағытталған бағдарламалау қағидаттарын, өзара әрекеттесудің негізгі хаттамаларын, реляциялық және мамандандырылған дерекқорлардың жұмыс істеу қағидаттарын, оларды интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздігін.Ақпаратты автоматты өңдеу технологияларын, деректерді сақтау және өңдеу құралдарын, нұсқаларды басқару жүйелерін, ақпараттық қауіпсіздік қағидаттарын, оның ішінде деректерді шифрлау, сәйкестендіру және авторландыру әдістерін. Құжаттамалау стандарттарын, техникалық ерекшеліктерді рәсімдеу, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, API сипаттамаларын және өзге де регламенттеуші материалдарды әзірлеу талаптарын.
Негізгі міндеттері
- LMS «Beles» мобильді қосымшасын және оған байланысты сервистерді әзірлеу, сүйемелдеу және дамыту бойынша толық циклді, оның ішінде талаптарды талдауды, жобалауды, әзірлеуді, тестілеуді және енгізуді жүзеге асырады;
- мобильді қосымшалардың backend-API, SSO, ЕБДП, сондай-ақ Қоғамның өзге де ішкі ақпараттық жүйелері мен сервистерімен интеграциялануын қамтамасыз етеді;
- мобильді қосымшалардың архитектурасын жобалауға және серверлік бөлікпен өзара іс-қимыл жасауға қатысады;
- мобильді қосымшалардың пайдаланушы интерфейсін (UX/UI), өнімділігін және тұрақтылығын оңтайландырады;
- бағдарламалық кодтың сапасын, әзірлеу стандарттарының, ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
- code review жүргізуге, тестілеуге және анықталған ақауларды жоюға қатысады;
- техникалық және пайдалану құжаттамасын әзірлейді, жүргізеді және өзектендіреді;
- мобильді қосымшаларды App Store және Google Play платформаларында жариялауға және жаңартуға қатысады;
- жобаларды іске асыру шеңберінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен және жобалық команда мүшелерімен өзара іс-қимыл жасайды;
- мобильді қосымшалардың функционалын және қолданылатын технологияларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
-Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
-фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
-Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
-қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
-қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2026 ж. 14.01. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 22 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2026 жылғы 15 қаңтар, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

