«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Білім беру процесін басқару департаментінің жетекші маманы (уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына) лауазымына орналасуға конкурс жариялайды .
Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 недели ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім, білім беру ұйымдарындағы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі, мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі, ағылшын тілін еркін меңгергені жөн.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы, “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы”, “Ғылым туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогика негіздері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; педагогикалық этика нормалары; менеджмент, Экономика, Қаржы-шаруашылық қызмет, андрагогика, синергетика, педагогика, психология негіздері; компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары, өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік талаптары.
Негізгі міндеттері:
1) ересектердің біліктілігін арттыру және оқыту жүйесінің жай-күйі туралы деректер банкін қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру (ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, талдау) ;
2) білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша тыңдаушының қаражаты есебінен мемлекеттік сатып алу шеңберінде мемлекеттік тапсырмалардың, көрсетілетін қызметтердің, білім беру қызметтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
3) педагогтердің жоспарланған контингентін бөлу жобаларын әзірлеуге;
4) ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі Қоғамның қызметіне қатысуға;
5) білім беру қызметін ұйымдастыруда жаңа тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу және енгізу кезінде ұсыныстар, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдау беруге;
6) қоғамның оқу қызметі мәселелері бойынша деректерді жинауды, талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалар дайындауды жүзеге асыруға;
7) қоғамның оқу қызметінің нормаларын жоспарлауға және орындауға бақылауды жүзеге асыру;
8) біліктілікті арттыру мәселелері бойынша филиалдардың мамандарына консультациялық көмек ұйымдастыруға, біліктілікті арттырудың түрлері мен нысандарын айқындауға қатысуға;
9) аудиториялық қорды ұтымды пайдалану және оқу жүктемесі бойынша ұсынымдар дайындауға қатысуға;
10) филиалдардың оқу-тақырыптық жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
11) филиалдардың оқу құжаттамасына жүйелі талдау және бақылау жүргізу;
12) оқу процесін регламенттейтін нормативтік құжаттардың электрондық базасын құру шеңберінде барлық оқу құжаттамаларын автоматтандырылған дайындауды жүзеге асыруға міндетті.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2026 ж. 07 сәуірді қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2026 жылғы 08 сәуір, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

