«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұқлттық орталығы» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы директорының орынбасары лауазымына конкурс жариялайды
Архив
Маңғыстау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 9 месяца ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
Ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл.
Білуі керек: ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, ҚР “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Ғылым туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы”, “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңдарын және бағыттарды айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді, білім беруді дамыту перспективаларын, педагогика және психология негіздері, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, педагогикалық этика нормаларын, Менеджмент және экономика негіздерін, қаржы-экономикалық қызметті, андрагогиканы, синергетиканы, педагогиканы, психологияны, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Негізгі міндеттері:
- Филиал жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарлауын ұйымдастыру;
- Филиалдың барлық оқу-әдістемелік қызметінің түрлеріне бақылау жүргізу, сонымен қатар, Филиалдың барлық ағымдағы қызметін бақылауды қамтамасыз ету;
- негізгі бағыттарды іске асыру, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесіндегі ақпараттандыруды дамыту, білім беру және ғылым басқару процесін автоматтандыру, педагог қызметкерлердің білім беруді цифрландыру жағдайындағы кәсіптік қызметке дайындығын қалыптастыру бойынша біліктілігін арттыру;
- білім беру процесін жетілдіру, жаңа оқыту технологияларын әзірлеу мен енгізу бойынша ұсыныстар беру;
- Филиалдың оқу-әдістемелік, инновациялық даму және цифрландыру жөніндегі қызметін бақылау мен үйлестіру;
- оқу-тақырыптық жоспарларды, бағдарламаларды, сабақ кестесін және оқу қызметінің басқа да түрлерін әзірлеуге басшылық ету;
- оқытушылардың оқу жүктемесін орындауына, дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың сапасына, біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылырының қатысуына бақылау жасау;
- Филиалдың Ғылыми кеңесінің отырыстарына, білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың алқасына, Қоғамдағы және ҚР ағарту министрлігіндегі кеңестерге материалдар дайындау;
- облыстың қалалары мен аудандарының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарына және әдістемелік кабинеттеріне әдістемелік көмек көрсету жөніндегі процесті басқару;
- кафедраның (кафедралардың) және оқу ісі бөлімінің қызметіне жетекшілік ету;
- инновациялық және эксперименттік режимде жұмыс істейтін мектептерге ғылыми-әдістемелік көмек ұйымдастыру;
- Филиалдың Сараптау комиссиясына басшылық жасау;
- қалалық, облыстық және республикалық конкурстарды дайындау және өткізу;
- Филиалдың оқытушылар құрамымен әдістемелік сағаттар өткізу;
- баспа, кітапхана, мұражай қызметіне жетекшілік ету;
- жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
- білім беру ұйымдарының басшы, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының сабақтастығын, біліктілік арттырудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге бақылау жасау.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
– түсті фотосуреті бар түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 09.09.2024ж. дейін Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17 шағынаудан, 48 ғимарат мекен-жайы бойынша немесе e-mail: mandystauipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 87012628616, 87754889370
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2024 жылғы 09 қыркүйек сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17-шағынаудан, 48 ғимарат, 509 бөлме
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.