Өтеулі қызметтер көрсету (АҚС) шарттары талаптарында қызметтер көрсету үшін ПОҚ
Архив
Шымкент қаласы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт (АҚС шарты) талаптарында үміткерлерді білім беру қызметтерін көрсетуге шақырады.
Мамандандыруға қойылатын талаптар:
Пәндік бағыт: «Мектепке дейінгі ұйымдар -72 сағат; «Бастауыш сынып» және жалпы пән (математика, биология, физика, химия, тарих, география, информатика, қазақ және орыс тілдері және ағылшын тілі) – 80 сағат;
Қызметтер көрсету тілі: қазақ / орыс;
Қызметтер көрсету кезеңі: 31.12.2023 ж.;
Форматы: онлайн/офлайн.
Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары бойынша қызметтер көрсететін орындаушыларға қойылатын талаптар (төмендегі тармақтардың біреуіне сәйкес):
1) Жоғары педагогикалық білім немесе тиісті профильге сәйкес өзге де кәсіби білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатының болуы;
2) Жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім (магистратура) немесе тиісті профильге сәйкес өзге де кәсіби жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура) немесе тиісті профильге сәйкес ғылыми дәрежесінің (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты) немесе тиісті профильге сәйкес PhD докторы дәрежесінің болуы, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл;
Ағылшын тілі мамандығы бойынша оқытушы қажет болған жағдайда:
3) Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары бойынша «Шет тілі» (ағылшын тілі) мамандығы бойынша (төмендегі тармақтардың біріне сәйкес):
3.1.) Жоғары педагогикалық және (немесе) филологиялық білім, мектеп мұғалімі немесе жоо оқытушысы және (немесе) ағылшын тілі жаттықтырушысы болып жұмыс істеген еңбек өтілі кемінде үш жыл. Келесі сертификаттардың біреуі міндетті түрде болуы тиіс:
– IELTS кемінде 6.5 (speaking кемінде 6,5);
– TOEFL IBT кемінде 87 (speaking кемінде 20), PBT кемінде 575;
– Duolingo кемінде 120 (speaking кемінде 120);
– DELTA;
– CELTA;
– TESOL;
– TEFL;
– FCE кемінде Grade B;
– CAE кемінде Level B2;
– CPE.
3.2.) Жоғары педагогикалық және (немесе) филологиялық білімі, мектеп мұғалімі немесе жоо оқытушысы және (немесе) ағылшын тілі жаттықтырушысы болып жұмыс істеген еңбек өтілі кемінде бес жыл, «педагог-шебер» біліктілік санатының болуы;
3.3.) Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында (оқыту тілі: ағылшын тілі) білім беру саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура) немесе шетелдік жоғары оқу орындарында (оқыту тілі: ағылшын тілі) жоғары педагогикалық және (немесе) филологиялық білім, мектеп мұғалімі немесе жоо оқытушысы және (немесе) ағылшын тілі жаттықтырушысы болып жұмыс істеген еңбек өтілі кемінде бір жыл.
Барлығы үшін:
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын Қазақстан Республикасының Заңдарын: «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен даму мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, экономика негіздерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Кажетті кәсіби білім:
– білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері;
– теориялық, қолданбалы, оның ішінде әдістемелік, пәндік саланың/қызметтің негіздері, заманауи педагогикалық технологиялар, ересектерді оқыту процесін бақылау және бағалау әдістері;
– пәндік педагогика негіздері; тыңдаушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және білім беру қағидаттары;
– білім беру бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері;
– оқу процесін ұйымдастыру қағидаттары, заңдылықтары, нысандары, әдістері мен тәсілдері бөлігіндегі жас психологиясының, педагогикасының, андрагогикасының негіздері;
– құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздік негіздері, білім беру үдерісіндегі денсаулық сақтайтын ортаның компоненттері;
– білім беру процесін зерттеу тәсілдері, әдістері мен құралдары, өзіндік оқыту тәжірибесін рефлексиялау әдістері;
– педагогикалық әдеп, зерттеу және академиялық адалдық нормалары;
– тыңдаушыларды оқыту мен бағалауды қолдау үшін цифрлық білім беру платформаларының құралдарын пайдалану бөлігіндегі құзыреттілік.
Кажетті кәсіби дағдылар мен біліктер:
– білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін сақтау және пайдалану;
– пәндік білімді қолдану және оны педагогикалық тиімді оқыту нысандарына айналдыру;
– заманауи педагогикалық технологияларды, белсенді әдістерді, оқыту нысандарын, ресурстары мен стратегияларын, ересектердің оқу процесін бақылау және бағалау әдістерін таңдау және тиімді қолдану;
– білім беру бағдарламасын жобалау дағдыларын меңгеру;
– инклюзивті орта құру және тыңдаушыларды тарту стратегияларын меңгерген, олардың жеке және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлау;
– жас психологиясының, педагогиканың, андрагогиканың негізгі қағидаттары мен заңдылықтарына сәйкес оқу процесін ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын, әдістері мен тәсілдерін қолдану;
– құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздікті сақтау, білім беру процесінде денсаулық сақтайтын ортаны қалыптастыру;
– оқыту үдерісін жетілдіру бойынша өзекті зерттеулердің нәтижелерін зерттеу, рефлексиялайды және өзіндік оқыту тәжірибесіне зерттеу жүргізу;
– педагогикалық әдеп, зерттеу және академиялық адалдық нормаларын сақтау;
– тыңдаушыларды тарту, оларды бағалау және кері байланыс алу үшін оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану.
Болғаны жөн:
– кәсіби конкурстар мен олимпиадаларға, педагогикалық шеберлік конкурстарына, республикалық және облыстық форумдарға, семинарларға/вебинарларға, конференцияларға, мастер-кластарға және т.б. қатысу туралы растайтын құжаттардың болуы;
– зерттеулер негізінде бағдарламаларды зерттеу және әзірлеу жобаларына қатысу;
– авторлық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, өз пәні бойынша ОӘК әзірлеу;
– кәсіптік қауымдастықтар мен білім беру қоғамдастықтарында оқыту жөніндегі іс-шараларға қатысу (оның ішінде желілік).»
Тапсырылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік–ұйымдастырушылық мәселелер жөніндегі басқарманың кадр мәселелері жөніндегі бас маманына электронды түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:
- конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
- суреті бар түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.
Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 10.02.2023 ж.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2023 жылғы 09 ақпанға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Дулати к.,201, 20 каб. немесе: uko@orleu-edu.kz эл.почтасы.
Анықтамаүшін телефон: +7 (7252)325135кадр бөлімі.
Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.