«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Оқу жұмысын ұйымдастыру департаментінің
жетекші маманы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бағыт бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, білім беру ұйымдарындағы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі керек: білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.
Негізгі міндеттері:
- біліктілікті арттыру және оқыту жүйесінің жай-күйі туралы деректер банкін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру (ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, талдау, талдамалық есептер, ақпараттық анықтамалар);
- білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша тыңдаушының қаражаты есебінен мемлекеттік сатып алу шеңберінде мемлекеттік тапсырмалардың, көрсетілетін қызметтердің, білім беру қызметтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
- білім беру қызметін ұйымдастыруда жаңа тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу және енгізу кезінде ұсыныстарды, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдауға ұсыну;
- Қоғамның оқу қызметі мәселелері бойынша деректерді жинақтау, талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалар дайындау;
- Қоғамның оқу қызметінің нормаларын жоспарлануы мен орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- филиалдардың оқу-тақырыптық жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- филиалдардың оқу құжаттамасына жүйелі талдау және бақылау жүргізу;
- оқу процесін регламенттейтін нормативтік құжаттардың электрондық базасын құру шеңберінде барлық оқу құжаттамаларын автоматтандырылған дайындауды жүзеге асыруға міндетті.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 ж. 28.06. қоса есептегенге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2024 жылғы 1 шілде, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 28 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақытылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.