Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 месяца ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағытта жоғары немесе/жоғары оқу орнынан кейінгі білім, бағдарлама әзірлеуші лауазымында немесе басқа бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болу қажет. Мемлекеттік және/немесе орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білу (қалаулы). Бір немесе бірнеше серверлік бағдарламалау тілдері мен сәйкес фреймворктер бойынша терең білім, сонымен қатар серверлік логиканы жобалау және деректер базаларымен интеграциялау бойынша практикалық тәжірибе қажет.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметті реттейтін басқа нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ еңбек заңнамасын білуі керек. Серверлік дамытудың негіздерін, соның ішінде алгоритмдерді жобалау және оңтайландыру әдістерін, құрылымдық және объектіге бағытталған бағдарламалаудың принциптерін, өзара әрекеттесудің негізгі протоколдарын, реляциялық және мамандандырылған деректер базаларының жұмыс принциптерін және ұйымдастырылуын, олардың интеграциясын және қауіпсіздігін білуі керек. Ақпаратты автоматты өңдеу технологиялары: деректерді сақтау және өңдеу құралдары, нұсқаларды басқару жүйелері, ақпараттық қауіпсіздік принциптері, соның ішінде шифрлау, идентификация және деректерді авторизациялау. Құжаттаманы стандарттау: техникалық сипаттамаларды, пайдалану нұсқаулықтарын, API сипаттамаларын және басқа реттеуші материалдарды рәсімдеу.

Негізгі міндеттері:

  1. серверлік логиканы және API-ды әзірлеу және оңтайландыру, ішкі және сыртқы қызметтермен жүйелерді интеграциялау, деректердің қауіпсіз алмасуын қамтамасыз ету.
  2. деректер базаларын жобалау, әзірлеу және оңтайландыру, олардың беріктілігін, деректердің тұтастығын және заңсыз кіруден қорғалуын қамтамасыз ету.
  3. Бағдарламалық шешімдердің архитектурасын әзірлеуге Архитектормен бірге қатысу, жүйенің масштабталуы мен тұрақтылығын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу.
  4. деректерді өңдеудің және бизнес-логиканы әзірлеу және енгізу, өнімділік пен қауіпсіздік талаптарына сәйкес оңтайландыру.
  5. серверлік компоненттердің және деректер базаларының өнімділігін оңтайландыру, индексациялау, кэштеу, бөлінген есептеулер және жүйенің тиімділігін арттырудың басқа әдістерін қолдану.
  6. деректерді қорғауды қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік принциптерін сақтау, шифрлау механизмдерін әзірлеу.
  7. кодты қайта қарап шығу, CI/CD процестерін оңтайландыруға қатысу, кодты тестілеу мүмкіндігін жақсарту және релиздердің сапасын бақылау.
  8. техникалық құжаттаманы әзірлеу және қолдау, оның ішінде API сипаттамаларын, деректер базасының сызбаларын, қызметтерді орналастыру және қолдау нұсқаулықтарын жасау.
  9. фронтенд-дамытушылар, аналитиктер, тестерлер, DevOps және басқа командалармен жұмыс істеу, бағдарламалық шешімдердің үздіксіз жұмыс істеуін және бизнес талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);

– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру  (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 6 сәуірді қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2025 жылғы 10 сәуірҚазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 28 кабинет.

Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job