Педагогикалық инновация және курстан кейінгі қолдау зертханасына IT –маман
Архив
Алматы облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 года ago
Ваканттық лауазым:
Педагогикалық инновация және курстан кейінгі қолдау зертханасына IT –маман – 1 вакансия;
Талаптар: жоғары кәсіби білімі болуы керек, жұмыс өтілі 2 жылдан кем болмауы, соның ішінде өз мамандығы бойынша.
IT –маман білуі керек:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасы «Білім туралы»;
- «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»;
- «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі»;
- «Ақпараттандыру жөнінде».
IT-маманның негізгі функциялары:
- компьютерлік және офистік техника, бағдарламалық, желілік шешімдер және web-технологиялар арқылы Кафедраның курстық және кейінгі іс-шараларын техникалық қолдау көрсету;
- кафедра оқытушыларына компьютерлік техниканы және бағдарламалық қамтамасыз етуді оқу процесінде пайдалану бойынша кеңес беру;
- сандық білім беру ресурстарын құрастыру;
- Институттың Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ Youtube және «Өрлеу білім беру арнасы» және «Өрлеу-Алматы облысы» арналарында Институттың бизнес-беттерінде орналастыру үшін кафедра қызметі туралы бейнероликтер құрастыру.
- компьютерлік техниканың, желілік жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
- компьютерлік және оргтехникаға ағымдағы жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізу, жабдықтарды монтаждау және бөлшектеу, Кафедраның жергілікті желісін жүзеге асыру;
- Кафедраның курстық және курстан кейінгі іс-шараларының фотосы, бейнетүсірілімі.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш
- Кадрларды есепке алудың жеке парағы;
- 3*4 фотосурет (2 дана);
- Жеке басын куәландыратын құжат;
5.Қажетті кәсіби білімін, еңбек өтілін және біліктілік тәжірибесін растайтын құжаттар;
- Медициналық анықтама (Ф075);
- Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- Туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан справка;
- Наркологиялық ұйымнан справка;
- Әскери тіркеуді растайтын құжат (болған жағдайда)
11.Сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы жоқ екендігі жөнінде анықтама.
Хабарландырудың жарияланған күні: 24.03.2022 ж.
Конкурс өтетін күн: 06.04.2022 ж.