Актуалды
Абай облысы бойынша Өрлеу, Шығыс Қазақстан облысы бойынша “Өрлеу”
Posted 3 дня ago

Хабарландыру

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының

Абай облысы бойынша өкілдіктің IT – маманы

 бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы

Мекеме атауы: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы

Бос орын түрі: бос лауазымға орналасуға конкурс

Құжаттарды қабылдау күні: 03.11.2025 ж.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 07.11.2025 ж.

Жауапты: әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің бастығы

Байланыс e-mail: vko@orleu.edu.kz

Телефон: 8/7232/597850

Бос орын атауы: Абай облысы бойынша өкілдіктің IT – маманы

Біліуі қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Ақпараттық технологиялар, жарнама саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, тұтынушылардың құқықтарын, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін Ақпараттық жүйелер, Алгоритмдер мен бағдарламаларды әзірлеу әдістерін реттейтін нормативтік және әдістемелік материалдар, есептеу техникасын пайдалану, ақпаратты өңдеу кезінде құрылымдық бағдарламалаудың негізгі принциптері, бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлері, техникалық-пайдалану сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, компьютерлер мен ұйымдастыру техникасының мақсаты мен жұмыс режимдері, оларды техникалық пайдалану қағидалары, ақпаратты автоматты өңдеу технологиясы, ақпаратты техникалықтасымалдаушылардың түрлері, ақпаратты жүктеу және кодтау әдістері, формализацияланған бағдарламалау тілдері, техникалық құжаттаманыресімдеу тәртібі, озық есептеу техникасын бағдарламалау мен пайдаланудың отандық және шетелдік тәжірибесі, өндірісті ұйымдастыру, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.

 Абай облысы бойынша өкілдіктің IT – маманының лауазымдық міндеттеріне кіреді:

– Ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық жасақтаманың және жабдықтың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

– Пайдаланушыларға корпоративтік сервистер мен ақпараттық жүйелерді қолдануда қолдау көрсету, оларды пайдалану бойынша нұсқаулықтар әзірлеу және жаңартуға;

– Бекітілген жабдыққа (жұмыс станциялары, перифериялық құрылғылар, мультимедиялық техника, фото және бейне техника, басқа мүлік) материалдық жауапкершілік алуға, оның сақталуын қамтамасыз етуге, түгендеуге қатысуға, қабылдау-тапсыру актілерін рәсімдеуге, есептен шығару және есепке алу рәсімдерін бақылауға;

– Онлайн іс-шараларды, бейнеконференцияларды және онлайн кездесулерді ұйымдастыру және техникалық қамтамасыз етуге;

– Мультимедиялық контентті жасау және өңдеуге қатысу, фото және бейне түсірілім, материалдарды монтаждауға;

– Өз құзыреті шеңберінде іс жүргізуді жүргізу, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды мұрағатқа тапсыруға;

– Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мен басқа да заңдарында белгіленген шекте жұмыс берушіге келтірілген залалды өтеуге;

– Еңбек тәртібін, Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін реттейтін ішкі құжаттар талаптарын, корпоративтік этика кодексін, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария нормаларын сақтауға;

– Өкілдік құзыреті шеңберінде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мен басқа да заңдарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауға.

Іссапарлар: иә

Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 08.30-нан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін

Жұмыс орнының орналасқан жері: Семей қаласы

Қызметтік келісімшарттың түрі: еңбек шарты

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім және портфолио ұсына отырып, мамандығы бойынша кемінде 1 (бір) жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Кандидат «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының әкімшілік-кадр жұмысы бөліміне электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) не көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түйіндеме фотомен;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 07.11.2025 жылы Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 69, 4 қабат, 403 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға қабылданады: vko@orleu.edu.kz анықтама телефоны: 8 (7232) 59-78-50, әкімшілік – кадр жұмысы бөлімі.

Әңгімелесуді өткізу күні мен орны:

2025 жылғы 10 қараша, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 69, 2 қабат, конференц-зал.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Apply For This Job