VUCA-2 әлеміндегі көшбасшылық брифингі сәтті өтті

Бүгін Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен “VUCA-2 әлеміндегі көшбасшылық” тақырыбында онлайн брифинг өтті.

Брифингке Институттың кафедра оқытушылары, курс тыңдаушылары, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан оқытушылары мен мұғалімдері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп директорлары қатысты.

Брифинг үш бағытта өтті: “VUCA-2 әлеміндегі көшбасшылықтың басымдықтарын айқындау, “VUCA-2  жағдайында көшбасшыларды бағалайтын және дамытатын құралдар, “VUCA-2 әлеміндегі көшбасшылықтың жаңа мүмкіндіктері мен болашағы”.

Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға мазмұнды брифинг үшін өз алғыстарын білдіріп, құрмет грамоталарымен марапатталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар