Биыл «Үздік педагог – 2025» атағына ие болған 64 мұғалімнің дені кәсіби біліктілігін бұған дейін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында жетілдірген. Байқау жеңімпаздары орталық ұйымдастырған курстардың мазмұны мен сапасына қатысты оң пікірлерін білдірді.
Толығырақ«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты Гуманитарлық-педагогикалық бағыттағы кафедрасының аға-оқытушысы Майя Салауатқызы Ажигулова ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен онлайн кездесу өткізді. Бұл іс-шара «Ағылшын тілі сабақтарында функционалдық оқылым дағдыларын дамыту стратегиялары мен әдістері» тақырыбындағы курстан өткен педагогтерге арналған посткурстық қолдау аясында ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – мұғалімдерге оқушылардың оқылым […]
Толығырақ
