День: 07.11.2025

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған курс аясында қалалық семинар өтті

28 қазаны мен 7 қарашасы аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы — Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр. Аталған курсқа Алматы қаласындағы бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, мектепке дейінгі және бастауыш буын арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етудің тиімді әдістерін меңгеруде. Бағдарлама мазмұны […]

Толығырақ

300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша тегін курстан өтті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Соңғы екі айда оқу процесінде жасанды интеллектіні тиімді пайдалану бойынша онлайн курстан еліміздің барлық өңірінен 300 мыңға жуық педагог өтті. Бағдарлама халықаралық тәжірибеге негізделіп, қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне бейімделе әзірленген. Курстың негізгі мақсаты — педагогтерді заманауи цифрлық құралдарды тиімді […]

Толығырақ

Аттестация: Модератор немесе сарапшы тест тапсыруы тиіс пе?

Бұл сұрақтарға Қарағанды облысы бойынша аттестаттау комиссиясының мүшесі Зейтова Анар Амантаевна жауап берді. Маңызды! Бұл видеоматериал «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының зияткерлік меншігі болып табылады. Материалды қолдану немесе дәйексөз келтіру кезінде дереккөз бен құқық иесін көрсету міндетті.

Толығырақ

«Іс-әрекетті зерттеу және жинақтау» республикалық семинары 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының «Жаратылыстану-математика бағытындағы» кафедрасы педагогтерге арналған онлайн/офлайн семинарлар жоспарына сәйкес, кафедраның аға оқытушысы А.К. Сабиханова 2025 жылдың 6–7 қарашасында «Іс-әрекетті зерттеу және жинақтау» республикалық семинарын ұйымдастырды. Семинарға республика бойынша тақырыпқа қызығушылық танытқан барлық педагогтер қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараны институт басшылығы ашып, семинардың өзектілігі мен мақсаты жөнінде баяндамалар жасады. […]

Толығырақ

«Өрлеу» қызметкерлері дропперлікке қарсы күрес бойынша ақпараттық семинарға қатысты

6 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Дропперлік – ақша жылыстатуға қатысудың бір түрі: әрбір қызметкер білуі тиіс маңызды ақпарат» тақырыбында онлайн форматта ақпараттық семинар өткізілді. Іс-шараның спикері – «Өрлеу» БАҰО» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Сағидолла Ерсайынұлы Сәкенов. Семинарға институттың құрылымдық бөлімдерінің 33 қызметкері қатысты. Семинардың […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар