«Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – ғасыр саңлағы» тақырыбында І Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз

✅Құрметті әріптестер!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты Сіздерді «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ және Д.Қонаев атындағы Халықаралық қоғамдық Қор меморандумы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен бірлесіп, 2022 жылдың 9 желтоқсан күні Ақтөбе қаласы, «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ базасында өтетін «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – ғасыр саңлағы» тақырыбында І Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады!

📝Конференция мақсаты – білім беру ұйымдарында Д.А.Қонаевтың ұлы тарихи тұлға ретінде есімін ұлықтау, жобалық-зерттеу жұмысын енгізу мен жүзеге асыруда ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету.

📖Конференцияға қатысу жөнінде өтінім мен мақалалар 2022 жылдың 15 қарашасына дейін konferencia60@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

✅Конференция қорытындысы бойынша әрбір қатысушыға конференция жинағы және сертификат PDF форматында электронды түрде жіберіледі.

✅І Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция туралы ақпараттық хатпен https://orleu-edu.kz/aqtobe-oblisi/ сайтынан танысуға болады.

📲Байланыс телефоны: 87023438545

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар