Category: Іс-шара

Әрекеттегі мұражай сабақтары

«Мұражай педагогикасы» әдістемесін жүзеге асырудың тиімділігін трансляциялау, мұражайдағы сабақты жоспарлау тәжірибесімен алмасу мақсатында ү.ж. 19 сәуірінде «Мұражай  педагогикасы – белсенді оқудың  инновациялық  технологиялардың бірі» атты облыстық семинар өтті. Семинарға білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, мұражай қызметкерлері, кітапхана қызметкерлері, әдіскерлер мен мұғалімдер қатысты. Эльмира Мирзалиеваның жетекшілігімен облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері мен Тараз қаласындағы И.Панфилов атындағы №39 […]

Толығырақ

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері

А.ж. 18 сәуір күні «Өрлеу»-Жамбыл тарапынан «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда педагогтің кәсіби дайындығы» атты республикалық on-line конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде оқыту ресурстарын қолдану, сабақты жобалау және білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерімен алмасу. ​Республикалық онлайн конференцияға қазақ тілі мен әдебиеті пәнін […]

Толығырақ

«Өрлеу»-Павлодар «Педагогикалық шеберлік- 2024» облыстық конкурсын өткізеді.

Құрметті әріптестер! Өрлеу-Павлодар «Педагогикалық шеберлік- 2024» облыстық конкурсын өткізеді. Байқауға қатысуға мектепке дейінгі, бастауыш, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, интернаттық ұйымдардың педагогтері, педагогикалық ұжымдар, басшылар шақырылады. ⭕Конкурс 2 кезеңде өтеді. ✅ сырттай кезең: 2024 жылдың 4 наурыздан бастап 31 наурызды аралығында;✅ күндізгі кезең: 2024 жылғы 29 сәуірден 10 мамырға (кестеге сәйкес). Қатысушылар […]

Толығырақ

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасы талқыланды

2024 жылғы қаңтардың 17-сі Ә. Марғұлан атындағы ППМУ-де орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасымен таныстыру іс-шарасы өтті. Оны Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның вице-президенті Р.А. Қаратабанов өткізді. Стандар жобасымен танысу үшін өңіріміздің педагогтері келіп те, онлайн форматта да шараға қосылды.Өрлеу-Павлодар атынан филиал директоры Р. Ашимбетова, Л. Полобинская, Ө.Ертісхан, Д. Тоганбекова, А. […]

Толығырақ

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру

Меркі ауданының мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен мектепалды тобының педагогтеріне арналған біліктілік арттыру курсы өткізілуде. Курс барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың міндеттерін шешуде педагогтердің ойын және IT құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған теориялық және тәжірибелік білім беріледі.  Курс тыңдаушылары арнайы бағдарламалар арқылы мультфильмдер жасау жолдарын, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған заманауи, сюжеттік, дидактикалық, ережелі ойындарды қолданудың […]

Толығырақ

Облыс мұғалімдері арасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауын насихаттау жалғасуда

Үстіміздегі жылдың 8 тамызында Тараз қаласының №18 бөбекжай-бақшасының базасында «Мектепке дейінгі ұйымдағы сөйлеу тілі бұзылған балаларға логопедиялық көмек және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесі» тақырыбындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына байқау туралы кеңес өткізілді. Кездесу барысында байқауды өткізу ережесі туралы ақпарат, байқауға қатысуға өтінім беру және бейне жұмыстарын әзірлеуге қойылатын […]

Толығырақ

Өрлеуде шығармашылық есеп-концерті өтті

Ертең институтымызда біліктілікті арттыру курстарының соңғы күні. Ұстаздарымыз білімін шыңдап, тестілеуден өтуде. Сабақтардың соңғы күндерінің қорытындысы ретінде музыка пәнінің мұғалімдері Өрлеу-Павлодар қызметерлері мен барлық тыңдаушылар үшін шығармашылық есеп-концертін ұсынды. Жиналған қауымды, шынымен, қуантты. Мұғалімдер күй шертіп, әуендерімен тамсандыра білді. Курстардың жоғары деңгейде өткенін де атап өтті. Өз оқытушысына ризалығын білдірді. Өз кезегінде, институт директоры Р. […]

Толығырақ

«Ашық есік күні»

Бүгін  Кәсіби даму  институты педагогтер қауымына және жоғары оқу орындары мен колледждердің педагогикалық мамандықтарының студенттеріне арналған «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. Іс-шара аясында қонақтар Институт ұжымымен  кездесіп, панорамалық  таныстырылым арқылы Институттың кәсіби қызметі, атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат алмасып, педагогтердің біліктілігін  арттыру курстары туралы мол мағлұматтар алды. Сонымен қатар, педагогтер «Педагог» кәсіптік стандартының ерекшеліктері, […]

Толығырақ

Мұражай педагогикасы: құндылықтар, тиімді оқыту

7 маусым күні Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. (5-9 сыныптар)» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы тыңдаушылары үшін көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді. Тарих пәніндегі қиын тақырыптарды оқытудың тиімді жолының бірі – мұражайдағы сабақ. Жас ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, елі үшін мақтаныш сезімі, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық […]

Толығырақ

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзия жағдайындағы үздік педагогикалық тәжірибелер

2023 жылдың 1 маусымында Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты педагогтер, ата-аналар және мектепке дейінгі білім беру жүйесінің басшылары үшін «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектепке дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» тақырыбында  облыстық семинар өткізді. Семинарға қатысушылар мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар