Рубрика: Іс-шара

1-күн: Тәжірибе алмасудың ашық алаңы

Тәжірибе алаңының бағдарламасында үш күн бойы түрлі бағыттар бойынша өткізілетін шеберлік сыныптары, кәсіби байқау, ғылыми-тәжірибелік конференция, танымдық ойындар, тренингтер, сауық кештері және т.б. іс-шаралар жоспарланған. Шығармашыл мұғалімдердің басын қосқан алаңның 1-ші күні шеберлік сыныптармен басталды. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренерлері Жанар Жубауова «STEM тәсілі 5Е циклы негізінде», Ұлтай Ешимова «Нәтижеге бағытталған топтық жұмысты басқару», […]

Толығырақ

Шығармашыл ұстаздардың «Тәжірибе алаңына» 20 жыл

Тәжірибе алаңы – Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің демеушілігімен өткізіліп келе жатқан шара. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының бастамасымен шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, үздік тәжірибесін анықтау мақсатында өткізілетін Тәжірибе алаңына биыл – 20 жыл. Тәжірибе алаңы – Сыр өңірінің ұстаздарына ұйымдастырылған, республикамызда аналогі жоқ, озық әдістемелік қолдау алаңы болып […]

Толығырақ

«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

22 желтоқсанда «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2022» байқауының республикалық кезеңі аяқталып, тікелей эфирде жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың республикалық кезеңінен жүлделі орын алған шығармашыл ұстаздардың басын қосқан марапаттау рәсімін «Өрлеу» Басқармасының төрағасы Әсел Мухаметжанова салтанатты түрде ашып, 22 аталым бойынша үздік атанған жеңімпаздарды құттықтады. Республикалық байқаудың нәтижесі бойынша Қызылорда облысының педагогтері көш бастады, 7 […]

Толығырақ

Кәсіби өзін тану және кәсіби қалыптасу

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру арқылы жоғарғы сапа мен бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізе отырып, кәсіби дамуын қамтамасыз ету мәселелері – біліктілік арттыру саласындағы басым бағыттардың бірі. Ал мұғалімдердің кәсіби дамуы – оқушылардың білім жетістігіне оң әсер етуші фактор. Оның кәсіби құзыреттілігі – жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Бүгін «Өрлеу» Қызылорда […]

Толығырақ

Тәжірибе алаңының 20 жылдығын өткізуге арналған бас қосу

Республикамызда аналогі жоқ, облыс көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын озат тәжірибелі мұғалімдердің мәртебесін көтеру, шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзіреттілігін дамыту, үздік тәжірибесін анықтау, таратуға мүмкіндік беретін ең құнды, маңызды жобалардың бірі – «Тәжірибе алаңына» биыл 20 жыл. Тәжірибе алаңы Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалімдердің үздік тәжірибесін […]

Толығырақ

Қызылордада байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2022» Республикалық байқауы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен биыл үшінші рет өткізілді. Биыл байқаудың өңірлік кезеңіне Қызылорда облысынан 22 аталым бойынша 190 педагог қатысты. Оның ішінде, шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланған 57 қатысушы өңірлік кезеңнің жүлдегері атанды. Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында байқаудың өңірлік кезеңіне қатысып, жүлделі […]

Толығырақ

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту: көшбасшылыққа жол

2 қараша күні Өрлеудің Қызылорда филиалында аймақ педагогтері мен білім беру ұйымдарының басшыларын ақпараттандыру мақсатында «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту: көшбасшылыққа жол» тақырыбында брифинг өтті. Брифингке білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары қатысты. Брифинг-сессия спикері, филиал директорының орынбасары Сәкен Серікбаев қатысушыларға педагогтердің кәсіби дамуының жаңа форматы, мектеп басшыларының кәсіби құзыреттерін дамытуға арналған заманауи білім беру бағдарламалары […]

Толығырақ

Арнайы түзету мектеп-интернатында семинар өтті

Ерекше білім беру қaжеттіліктері бар балаларды сапалы біліммен қамту – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Соңғы жылдары елімізде арнаулы білім жүйесінде ерекше білім беру қaжеттіліктері бар балалардың білім алуға қолжетімділігін кеңейтуге оң өзгерістер жасалуда. Бүгін «Өрлеу» Қызылорда филиалы мен №7 арнайы түзету мектеп-интернаты арасындағы ынтымақтастық шеңбері аясында «Арнайы білім мен тәрбиені қажет ететін балаларды қоғамдық […]

Толығырақ

Республика күніне орай педагогикалық оқулар өтті

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында Республика күніне орай «ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында тиімді оқыту мен оқудағы жаңа педагогикалық инновациялар» атты онлайн форматта Республикалық педагогикалық оқулар өткізілді. Бүгінгі таңда инновациялық педагогикалық тәжірибені жүйелеу, педагогикалық теориялар мен тәжірибелердің жаңа тәсілдерін енгізу, әлемдік білім беру кеңістігінің даму ағымдарын […]

Толығырақ

Жаңа кәсіби стандарттың жобасы талқылануда

ҚР Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Педагог» кәсіби стандартының жаңа жобасы қазіргі уақытта кеңінен зерттеліп, педагогтер қауымы арасында талқылануда. 19 қазан күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы №31 орта мектепте «Педагог» кәсіби стандартының жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға мектептің пән мұғалімдері қатысты. Дөңгелек үстелде «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренері Оразбай Орманов педагогтерге «Педагог» кәсіптік […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар