Рубрика: Іс-шара

Мектеп педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету шаралары жалғасуда

Еліміздің әр өңірінде «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты Ұлттық баяндама негізінде енгізілген «Мақсатты мектептер» жобасы аясында «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының қолдауымен мақсатты мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек беру жұмыстары жалғасуда. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы №28, №106, №111 орта мектептерінде мұғалімдердің педагогикалық дағдыларын жетілдіруге, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға және білім алушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға бағытталған семинар-практикум өткізілді. […]

Толығырақ

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ магистранттары өндірістік тәжірибеден өтті

🎓 Өрлеу Алматы қаласы бойынша КДИ бірнеше ЖОО-мен меморандум аясында бірлесе жұмыс жүргізіп, болашақ мамандарды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Сол бағыттардың бірі – магистранттар мен докторанттардың өндірістік тәжірибеден өтуіне жағдай жасау. 📖 Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистранттары өндірістік тәжірибеден өтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру мүмкіндігіне ие болады. Институтың […]

Толығырақ

«Сөз маржан» Collaboration Fest байқауының республикалық кезеңі

🎉Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Сөз маржан» Collaboration Fest байқауының республикалық кезеңі өз мәресіне жетті! Республикалық кезең қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Каныбек Бекболатұлы мен «Өрлеу» Ұлттық Орталығының басқарма төрайымы Айдана Шилибекова жеңімпаздарды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 📚 Ана тіліміздің құдіретін сезіндіріп, көркем сөздің қадірін арттырған […]

Толығырақ

Педагогтерді курстан кейінгі қолдау – кәсіби дамуға бағытталған маңызды қадам

Педагог қызметін курстан кейін сүйемелдеу – педагогтің курстан кейінгі қызметіне үздіксіз мониторинг жүргізу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі болып табылады. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Арал ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бастауыш мектепте сандық білім беру ресурсын оқу үдерісінде қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі» тақырыбында бастауыш […]

Толығырақ

Тиімді жоспарлау функционалдық сауаттылықты дамытудың негізгі элементі ретінде

Еліміздің әр өңірінде «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты Ұлттық баяндама негізінде енгізілген «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында Қармақшы ауданындағы №107 орта мектебінде «Тиімді жоспарлау – функционалдық сауаттылықты дамыту негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу мақсатында ұйымдастырылған семинарға «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының, аудандық білім бөлімінің өкілдері және Қармақшы ауданындағы […]

Толығырақ

Мектеп жобалары тұрақты даму құралы ретінде: гидропоникадан эко картографияға дейін

Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты мен Меркі ауданы №16 жалпы орта білім беретін мектебінің оқу-әдістемелік процесті жетілдіру және әдістемелік қолдау көрсету бойынша бірлескен жоспарына сәйкес «Мектеп жобалары тұрақты даму құралы ретінде: гидропоникадан эко картографияға дейін» тақырыбында вебинар өткізілді. Іс-шараның ашылуында Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Ләтипа Қожамжарова […]

Толығырақ

Сабақты жоспарлау, функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша тапсырмаларды құрастыру тәжірибесі

«Өрлеу» Қызылорда филиалында мақсатты мектеп педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, заманауи педагогикалық әдістемелерге негізделген білім беру сапасын арттыруға бағытталған курстан кейінгі сүйемелдеу шаралары өткізіліп жатыр. Мақсатты мектептердің информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Сабақты жоспарлау, функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша тапсырмаларды құрастыру тәжірибесі» тақырыбында онлайн вебинар өтті. Вебинарда функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған оқыту әдіс-тәсілдері, тиімді сабақты жоспарлау және функционалды […]

Толығырақ

Мақсатты мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар өтті

Әлемдік білім кеңістігіндегі білім алушылардың жетістіктері мен білім сапасындағы көрсеткіштердің тұрақтылығын сақтау, жоғары деңгейге көтеру бойынша елімізде 2024 жылдан бастап «Мақсатты мектеп» немесе «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасы іске асырылуда. Өрлеудің филиалдарында мақсатты мектеп педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін жетілдіруге бағытталған курстан кейінгі сүйемелдеу шаралары өткізіліп жатыр. «Өрлеу» Қызылорда облысы […]

Толығырақ

«Оқу үдерісінде интерактивті әдістерді пайдалану»

«Өрлеу» «БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты оқытушылары Сандугаш Оралханқызы, Кеніштайқызы Гүлбала, Айгуль Аманжолқызы, Назерке Әлімбайқызы, Магрипа Асқарқызының және Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы” әдіскері Камчат Қыдырбайқызының қатысуымен №103 мектеп-гимназиясы  базасына «Оқу үдерісінде интерактивті әдістерді пайдалану» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.            Семинардың мақсаты: мектеп қабырғасында білім берудегі инновациялық цифрлық сауаттылықты заман талабына сай интеграциялау және озық педагогикалық […]

Толығырақ

Функционалдық сауаттылықты арттырудың қағидаты мен құндылықтары

👩‍🏫 Алматы қаласындағы Өрлеу институтының аға оқытушылары Асель Сабиханова, Гульжанат Кабдылова, Куралай Рыскулбекова және әдіскер Магрипа Мауленова нысаналы мектептердің педагогтарына “Функционалдық сауаттылықты арттырудың қағидаты мен құндылықтары” тақырыбында семинар өткізді.🎯 Семинардың мақсаты:Педагогтардың функционалдық сауаттылықты дамытудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, бұл табысты оқыту, сыни ойлауды қалыптастыру және оқушыларды шынайы өмірге дайындау үшін маңызды фактор болып табылады.🌟 Тақырыптың өзектілігі:Қазіргі […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар