Білім беруді жаңғырту жағдайында педагог кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы үрдістері

  • 29.12.2021 - 14:00
  • г. Тараз

Жамбыл – «Өрлеу» 29 желтоқсан күні сағат 14.00-де «Білім беруді жаңғырту жағдайында педагог кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы үрдістері: инклюзия жағдайында қосымша кәсіби құзыреттерді дамыту» республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізетіндігін хабарлайды. Конференцияның мақсаты – инклюзия жағдайында педагогтердің қосымша кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда заманауи білім беру технологияларын қолдану теориясы мен практикасының көп қырлылығын ашатын кең ауқымды бағыттарды талқылау.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Инклюзия бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі
  2. Қазақстандағы педагогтерді инклюзивті даярлаудың қазіргі жағдайы мен мәселелері
  3. Инклюзия жағдайында қосымша кәсіби құзыреттерді дамытудағы заманауи білім беру технологияларының тиімділігі.

Конференция модераторлары: «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары Айгүл Әбілова мен Светлана Шевченко. Конференцияға инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін отандық және шетелдік ғалымдарды, білім басқармаларының (бөлімдерінің) мамандарын, мектепке дейінгі, орта және түзету білім беру ұйымдарының педагогтерін, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларын, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының ПОҚ-ын шақырылады.

Ақпараттық хат 29.12.2021

ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :

  • Басталу күні:29.12.2021
  • Басталу уақыты:14:00
  • Аяқталу күні:29.12.2021
  • Аяқталу уақыты:16:00
  • Орналасқан жері:г. Тараз
  • Сайт:https://www.facebook.com/orleu.zhambyl

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар